ДК: Дайындықсыз үйленбе. Дәл осындай атаумен облыс орталығында кітаптың тұсаукесері өтті. Тренер Ақан Мергенбай бұл нұсқаулықты отбасын құрғысы келетін жастарға арнап жазған.

РКС: «Дайындықсыз үйленбе» кітабы – Ақан Мергенбайдың тұңғыш туындысы. Ол отбасы саласы бойынша тренер, сарапшы және осы бағытта кеңес береді. Ол Халықаралық Эриксон Коучинг университеті мен Санкт-Петербургтегі   Гештальт  институтында білім алған. Ақан Мергенбай бұл кітапта соңғы 10 жылдық тәжірибесімен бөліседі.

СНХ: АҚАН МЕРГЕНБАЙ, КІТАПТЫҢ АВТОРЫ: Кітап негізі қыз бала үшін болашақ жігітін кездестірмей тұрған кезде, жігітке өзінің болашақ жарын таппай тұрған кездегі оқитын кітап. Бұл кітапта біраз мәселелер көтерілген. Соның ішіндегі бір мәселе «Мен не үшін үйленем?» немесе «Не үшін тұрмысқа шығасыз». Осы жерде біраз адамдар абдырап, жауап бере алмай қалады. Сол кезде «Мен кіммін», «Менің көзқарастарым қандай», «Менің ұстанымдарым» осы нәрселерді анықтау керек. Сол кезде болашақ менің адамымның, болашақ жарымның портреті анықталады.   

РКС: «Дайындықсыз үйленбе» нұсқаулығы «Шарттар», «Мен кіммін», «Маған қандай отбасы керек» атты 3 бөлімнен тұрады.  Сондай-ақ, онда отбасы құрудың 4 кезеңін көрсетеді.

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазір жастардың айналасында көп мәселе бар. Соның бірі мынау үйлену, үй болу, отау тігу деген сияқты қаншама қазақтың дәстүрімен салаласып жатқан мәселелер. Осы проблемаларды көтеріп, өзінің түйген ойларын ортаға салып, осы кітабында нұсқаулық тұрғысында адамдарға ақыл-кеңес беретін сондай бір туынды шығарып отыр. Бұл кітаптың маңызы, мәні осында жатыр деп ойлаймын.   

РКС:  Автор кітабының соңын отбасылық өмірде қажетті 10 түйінмен түйіндейді. Кітаптың тұсаукесеріне келген қонақтар нұсқаулық өз аудиториясын табатынына сенім білдірді.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ