ДК: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясын тамамдаған 136 офицер-құтқарушыға салтанатты түрде диплом табысталып, азаматтық қорғау лейтенанты шені берілді. Егемендіктің 30 жылдығына бағытталған салтанатты шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысты. Бұдан бөлек, министр облыс орталығындағы бірқатар нысанның тынысымен де танысып қайтты. Абзал Азаматұлы айтады.
STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ/// Аймаққа арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Илиьн алдымен облыстық әкімдікте өңір басшысы Ермек Маржықпаевпен кездесті. Содан кейін, министр шаһардағы Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.
РКС: Салтанатты рәсімнен соң министр бастаған жұмыс тобы Мәлік Ғабдуллин музейіне барды. Бүгінде мұнда батырдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 7 мыңнан астам жәдігер қойылған. Музей басшысы министрге Мәлік Батырдың 105 жылдық мерейтойы қарсаңында қос тілде жарық көрген «Қазақ баласы» кітабын сыйға тартты.
РКС: Әрі қарай шара академия қабырғасында өткен ғылыми кеңес отырысымен ұштасты. Онлайн жиынға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жергілікті зиялы қауым өкілдері және Мәлік Ғабдуллиннің жалғыз қызы Майдан Мәлікқызы қатысты. Ол академия ұжымы мен бітіруші курсанттарға сәттілік тілеп, асқар тау әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті.
СНХ:МАЙДАН МӘЛІКҚЫЗЫ, М.ҒАБДУЛЛИННІҢ ҚЫЗЫ//аударма/// Мен бір ретте әкемнен сен өте мейрімді, сабырлы жансың. Қалайша осы оқ пен оттың ортасынан өтіп, артыңа қанша жауынгер ерттің деп сұрадым. Сонда ол кісі маған "айналайын қызым",- деді. Әкем мені әркез солай еркелететін. "Борыш" деген сөз бар. Сонда ғана сен ешкімнен тайсалмай, қорықпай барып, өз азаматттық борышыңды адал өтей аласың. Еліңді, жеріңді қорғайсың,-деді.
РКС: Мәлік батырдың өшпес ерлігі мен қайтпас қайсарлығын жас құтқарушылар да үлгі етеді. Академияның алғашқы дипломын қолына алған жас офицерлер сол жауапкершілікті сезінеді.
СНХ: ЖАНАТ ӘДІЛХАН, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ///қазақша/// Мәлік Ғабдуллин академиясының түлегі атану бізге үлкен міндет пен зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан, мен абыройлы офицер болуға уәде берем. Әр офицердің арманы осы, мен де Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атам сияқты болғым келеді.
РКС: Бүгінгі таңда оқу ордасы 4 бағыт бойынша білім береді. Сондай-ақ, академия Халықаралық келісімге сәйкес басқа да мемлекеттердің құтқарушыларын оқытып, кәсіби маман даярлайды. Айталық, осы жылы Қырғызстанның 3 курсанты қолына дипломын алды.
СНХ: ҚАЙРАТ РАШОНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ//аударма/// Осы жерде оқып, сапалы білім алуыма бар жағдай қарастырған Қазақстан Республикасына рахмет айтамын. Әрі қарай жұмысымды Бішкекте жалғастырамын. Бірге оқыған достарыма қонақжайлылық танытып, қолдау білдіргендеріне ризамын.
СНХ: ЮРИЙ ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ/ Бүгінгі таңда бізде Қырғызтанан 5 және Тәжікстанға 10 адамын оқытатын квотамыз бар. Бұл олардың қалауларына байланысты. Мәселен, бүгін Қырғызтанның 3 курсантын оқытып шығардық. Негізінен, ол мемлекеттен 8 бала оқуға түскен.. Алдағы уақытта біз бұл байланысты нығайтамыз. Сондай-ақ, осы жылы Ресей Феферациясының Азаматтық қорғау академиясынан және Беларуссиядан 30 адам оқуын аяқтап, елге келеді.
РКС: Еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз оқу орны жыл санап дамып келеді. Бұл туралы министр Юрий Ильин өз сөзінде атап өтті. Ал, институттан академияға көшіп, Мәлік батыр есімін алуы Көкше жұртына үшін күтпеген жаңалық болды. Бұл барша жерлестер үшін үлкен мәртебе,-дейді облыс әкімі.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ//қазақша/// Ағымдағы жылы біз елдің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Осы жыл атаулы даталармен оқиғаларға толы. Соның ішінде Көкшетау техникалық институтына Азататық қорғау академиясы атағын беру және даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры есімі берілуі. Құрметті жерлестер және қонақтар шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар. Бұл біз үшін үлкен мәртебе.
РКС: Шара барысында түлектер жылдағы дәстүр бойынша жауынгерлік тумен қоштасты.
STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ/// Иә, 24 жыл ішінде білім ордасы 5 мыңнан астам түлек түлетті. Оның ішінде көптеген курстанттар оқу ордасын үздік тәмамдаған. Тұңғыш рет академияның дипломын қолға осы түлектердің де алдағы арманы асқақ. Тағы бір ерекшелігі, түлектердің тұрақты жұмысқа орналасуын мемлекет тарапы өз назарына алған.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ–АҚПАРАТ