ДК: Арқа өңірі сал-серілерден бөлек, айтыс аламанының да дүлдүлдерін тудырған мекен. Зерттелмеген қыры көп көкшелік айтыс өнері мектебінің қалыптасуын, бірегей айтыскерлердің сөз бәйгесіндегі тілін зерттеуге ұмтылыс жасау қажет. «Қазақстандық мәдени дискурстағы қазіргі Көкше өңірі айтыс ақындары әлемінің жеке авторлық бейнесін қайта құру және сипаттау» ғылыми жобасы аясында арнайы семинар өтті.

РКС: Айтыс – сөз барымтасы. Ал оның қадір-қасиетін арттыру жастардың қолында. Ғылымға деген ұмтылысы зор жастар аталмыш семинарда «Қазіргі айтыс тілінің ұлттық-мәдени сипаты», «Көкен Шәкеев айтыстарындағы әлеуметтік мәселелер», «Баянғали Әлімжановтың ақындық мұрасы», «Құдайберлі Мырзабек айтыстарының тақырыптық сипаты»  басқа да тақырыптар аясында жобаларын қорғады.    

СНХ: ӘНЕЛ ШАЙМҰРАТОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ///қаз///Менің тақырыбым – Көкше өңіріндегі айтыс өнерінің қалыптасу және даму тарихы. Бұл жоба бойынша мен екі ай шамасында жұмыс істедім. Шал ақыннан бастап қазіргі  қазіргі заманғы айтысқа дейін зерттеу жүргізілді.

СНХ: ГҮЛДАНА НҰРҚАБЫЛОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ///қаз///Бүгінгі ғылыми семинарға деген тақырыбым – Баянғали Әлімжанов айтыстарының көркемдік ерекшелігі. Бұл ғылыми жобаны зерттеуге менің бір екі ай көлемінде уақытым кетті.+скл+Әлі де болсын осы Көкше өңірі айтыстарын зерттеп өз үлесімді қосқым келеді.

РКС: Ғылымға бас сұққан жастар мұнымен тоқтамақ емес. Өйткені, бұл семинардың басты мақсаты – жас зерттеушілерді ғылымға тарту, жергілікті дүлдүлдердің әдебиетке қосқан үлесін одан әрі аша түсу.

СНХ: ГҮЛДЕН ТІЛЕУБЕРДИНА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ///қаз///Әуелден Көкше жері, Арқа өңірі өзінің атақты сал-серілермен, атақты тұлғаларымен танымал. Солардың шығармашылығын ғылыми тұрғыда зерттеп, оларды студент жастардың арасында кеңінен дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл ғылыми семинарға алғаш рет біздің студенттерімізбен қатар олардың ата-аналары да қатысуға мүмкіндік алып отыр.+скл+Әлі де мұндай семнарлар легі жалғасады.

РКС: Айта кетейік, аталмыш семинарға филология және педагогика факультетінің 1 және 3 курс студенттері қатысты. Олар жергілікті тұрғындардың мақтанышы емес, ел бірегейлеріне айналған Көкен Шәкеев, Баянғали Әлімжанов, Құдайберлі Мырзабек сынды айтыс дүлдүлерінің мұрасы болашақ ұрпақтың шамшырағы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Семинар соңында қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталды.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ