ДК: Өңір аудандарында вакцинация науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Ақкөл ауданында бүгінгі күнге дейін 1 мыңға жуық адам вакцина қабылдаған. 

РКС: Аудан бойынша 555 адам екпенің бірінші компонентін алып үлгерді.  Ең алдымен мұғалімдер, медициналық, мемлекеттік қызметкерлерге вакцина салынды. 65 жастан асқан 100-ден астам тұрғын да өз еркімен екпе алған. Кешегі күннің өзінде 215 адам екпе қабылдады.    

СНХ: ВЛАДИМИР ЕЛИСЕЕВ,  АҚКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///аударма///Әйелім екеуміз бүгін вакцина аламыз деп шештік. Өзіміздің ғана емес, жақындарымыздың, достарымыздың, туысқандырымыздың, көршілеріміздің қамын ойлағандықтан, мұндай қадамға барып отырмыз. Сондықтан аудан тұрғындарының бәрін вакцина алуға шақырамын.  Денсаулықты ойлау керек, одан асқан байлық жоқ.     

РКС: Ақкөл ауданына қарасты Азат ауылдық округінің әкімі  Самат Ыдырысов та тұрғындарды өз еркімен екпе қабылдауға шақырады. Өйткені, вакцинация індеттен құтылудың бірден-бір жолы.    

СНХ: САМАТ ЫДЫРЫСОВ, АЗАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ///аударма///Мен бүгін қауіпті індетке қарсы екпе алдым. Денсаулығымда ешқандай ауытқуды байқап тұрғам жоқ. Өзімді, отбасымды, айналамдағы адамдарды қорғау үшін осындай шешім қабылдадым. Бәріміз бір кісідей атсалыссақ деген тілегім бар, бұл ел үшін көмек.  

РКС: Айта кетейік, аудан тұрғындары Ресейдің «Спутник V»  вакцинасын қабылдап жатыр. Бүгінде аудандық ауруханада әлі 745 доза бар. Аудандық аурухананың басшылығы қауіпті індет өршуінің алдын алып, иммунитетті нығайту үшін  тұрғындардың  60 процентін  міндетті түрде вакцинациялау қажет екенін айтады.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ДИАНА РЕЗНИКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ