ДК: Облыс бойынша 17-19 ақпан аралығында республикалық "Қауіпсіз жол" акциясы басталды.  Жол-көлік оқиғаларын төмендету, жол қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандарды анықтау және оның алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада  карантин талаптары қатаң сақталды.

РКС: Өңірде жыл басынан бері 1000-нан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелді. Көбіне жүргізушілердің жылдамдықты арттырып, қауіпсіздік белдігін тақпағандығынан орын алған. Жаяу жүргіншілер де қарапайым ережелерді сақтамайды.

СНХ: ӘСЕТ БАЙТЕЛЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма/// В  рамках проводимой работы...Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен, сондай-ақ көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жүргізілген жұмыс шеңберінде жолаушыларды тасымалдау және жолаушыларды заңды тасымалдау фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, барлық тұрғындарға жол үстінде қырағы болу керектігін ескерткім келеді.

РКС: Облыстық полиция басқармасының мамандары аталмыш игі шара жол-көлік оқиғасы санының артуына біршама ықпал етеді деген үмітте. Осыған байланысты өңір полицейлері тұрғындардан жол ережелерін бұзбауды және жолдардың қауіптілігі жоғары аймақ екенін естен шығармау қажеттігін ескертеді.

ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ДАЙЫНДАҒАН ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ШОҚАН ТАУКИЕВ