Облыс орталығындағы орыс драма театрының ұжымы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Абылай хан» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Сахналық қойылым Қазақстанның халық жазушысы, жақында ғана дүниеден озған Әбіш Кекілбаевтың драмалық поэмасы негізінде құрылған.
Театр ұжымы аталған сахналық қойылым арқылы Абылай ханның тағдыры мен қазақ халқының тарихи кезеңдерін көрсетті. Басты рөлді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Мұратбек Оспанов сомдады.
Қойылым барысында қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдегі тағдыры көрсетілді. Ел тарихында елеулі орын алған саяси және тарихи сәттер де назардан тыс қалмады.
Сахналық қойылымның тағы бір ерекшелігі – көріністердің көпшілікке арналғандығы. Қойылымды орындауға Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері де қатысты.
Автор: Н. Нұрбайқызы, А. Хмелёва
Оператор: В. Вережников