Жүргізуші: Көкшетауда көпқабатты үйлердегі газ тарату құрылғылары соңғы 20 жылдан бері мүлде істемейді. Сондықтан тұрғындар газ баллондарын пайдалануға мәжбүр. Заң бойынша екі қабаттан биік ғимараттарда баллон пайдалануға тыйым салынған. Алайда, тұрғындардың қауіпсіздігіне бей - жай қараған жергілікті билік жылдар бойы мәселені шешуге қауқарсыз болып отыр.
Тілші: 80 жастағы Антонина Калова айына бір рет осылай газ баллонды толтырып әкеледі. 2-інші топтағы мүгедек жанға жүріп-тұрудың өзі оңай емес, бірақ амал жоқ ас-су дайындау үшін газ баллонды тасуға мәжбүр.
СНХ: АНТОНИНА КАЛОВА ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
(Аударма) Арасында немерем келіп көмектеседі. Ал көп газ баллонды толтыруға өзім барамын. Жалғыз тұрамын. Осылай жүргенімізге 20 жылдан асты. Жылда жөндейміз дейді, бірақ нәтиже жоқ.
Тілші. Газ баллондарын ай сайын сатып алу аз қамтылған отбасылар үшін артық шығын. Әйтседе ақшасынан бұрын бала-шағаның қауіпсіздігіне алаңдаған жұрт күні- түні үреймен күн кешуде.
СНХ: ТЕМІРҒАЛИ НҰРСЕЙІТОВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Сол анау баллонмен әлі жүрміз. Кейбірде газдың иісі шығады. Бір-бірімізге барып айтып отырамыз, ылғи, міне, газдың иісі шығып жатыр, кімдікі екен деп. Бәрі қарап, зерттеп, сөйтеді. Сол дұрыс па екен?! Міне, кемпірім екеуіміз тұрамыз, түнде шығып ылғи тексеріп отырамыз газдың иісі шығады ма, шықпайды ма деп.
Стенд-Ап: ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН ТІЛШІ
*****"Газ және газбен жабдықтау" туралы Заңына сәйкес 2 қабаттан биік ғимараттарда баллонды сақтауға, пайдалануға болмайды. Мынадай газгольдерлер жұмыс істемеген соң, талап орындалмайды. Тұрғындар бұл қадамға баруға мәжбүр. Ал заңның орындалуын қадағалап отырған мекеме жоқ.
Тілші Газ құрылғыларының қауіпсіздігіне жауап беретін құзырлы мекеме- энергетика басқармасындағылар газ баллондарын заңсыз пайдаланып отырған тұрғын үйлердің нақты санын тап басып айта алмайды. Себебі, оның есебін жүргізіп отырған ешкім жоқ. Дегенмен, Көкшетауда баллон қолданып отырған пәтерлер аз емес. Қаладағы 240 газ тарату қондырғысының 99-ы жұмыс істемейді.
СНХ: ЕРБОЛ ТӨЛЕУОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңағы 99-дың көбісі, жаңағы аңғыл-даңғыл далада жатқан, иесіз жатқан құбырлар болатын. Оны біз қалпына келтіріп және де құқықтық анықтайтын құжаттарын бәрін дайындап, юстиция органдарында оны тіркеп, бүгінгі күнде біз бәрін жинап 99-ын жинап мемлекеттік сатып алу рәсіміне шығардық.
Тілші: Жергілікті билік қамданғанымен тендердің бірінші кезеңіне ешкім қатыспаған. Екі күннен кейін мемлекеттік сатып алу рәсімі қайта өтеді. Егер мердігідер анықталса ғана қараусыз қалған газ тарату құрылғылары жөнделіп, бүтінделмек. Ал, оған дейін тұрғындарға күтуден басқа амал жоқ.
ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ