ДИКТОР: Шілде айынан бері Ақмола облысында 100-ден аса жұмыссыз, жүкті әйел уақытша сақтандырылған емделуші статусын алды. Аталмыш рәсімді әйелдердің жеңілдігі бар азаматтар санатынан шығып қалу қаупін болдырмау үшін медициналық сақтандыру қоры жүзеге асыруда.
РКС: Жұмыс істейтін жүкті әйелдер үшін медициналық сақтандыру қорына аударымдар мен жарналарды жұмыс беруші жүйелі түрде аударып отырады. Ал жүктілік кезінде жұмыссыз жүрген болашақ аналар қайтпек? Осы санаттағы азаматшалар үшін бір айлық мерзіммен медициналық уақытша сақтандыру рәсімі қарастырылған.
СНХ: ШАНХИ ГОЛУБЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: ///русс/// Әйел есепке алынғаннан кейін, ол автоматты түрде бір айдан кейін жеңілдігі бар азаматтар санатына қосылады. Сосын оған медициналық сақтандыруды төлеудің қажеті жоқ болады. Бүгінгі күні барлық талдаулар, қажетті скрингтерді жүкті әйелдер түгел дерлік тегін тапсырады. Тіпті қымбат тұратын түрлі жасырын инфекцияны анықтайтын ПТР тестерін де тегін өтуде. Кейде әйелдерге қажетті витаминдер мен гормондарды анықтау үшін қымбат анализдер тапсыру керек болады. Қазір ол да тегін жүзеге асырылып жатыр.
РКС: Естеріңізге сала кетейік, жұмыс істейтін әйелдер үшін жұмыс беруші жеке жалақы қорынан 2 процент, қызметкердің табысынан 1 процент мөлшерінде қаражат аударады.
СНХ: ОКСАНА ТКАЧЕНКО, ПАЦИЕНТ ///русс///Мен барлық қажетті анализдерді тегін тапсырдым. Qoldau 24|7 қосымша арқылы тіркелдім. Бұл өте қолайлы.
РКС: Әйелдер уақытша медициналық сақтандыруға ие болу үшін Qoldau 24|7 қосымшасы арқылы өтініш қалдырулары керек. Ол үшін қосымшаға жеке куәлігі мен жүкті әйел ретінде есепке тұрғанын растайтын анықтаманы жүктеуі қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалына жүгінуіне де болады.
АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.