ДК: Биыл азаматтық қорғаныс саласына 25 жыл болса, оған қажет мамандар дайындайтын Көкшетау техникалық институтының құрылғанына 22 жыл. Осы уақытта институт азаматтық қорғаныс саласының 5 мыңға жуық маманын дайындап шығарған. 4 мамандық бойынша білім беретін оқу орны соңғы екі жылда қосымша 2 мамандық бойынша оқытуды қолға алды.
STAND-UP: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ /// Ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші десек, нағыз ер азаматқа тән мамандық, ержүректілік пен батылдықты қажет етеді. Кез келген төтенше жағдайда жылдам әрекет ету үшін шыныққан шымыр болумен қатар, білім мен біліктілік, жылдам шешім қабылдау білу қажет. Қорғаныс саласына қажет ондай мамандарды Көкшетау техникалық институты дайындайды. Дәл қазір біз 2-курс курсанттарының оқу –жаттығу дайындықтарына куә боламыз. ///
РКС: Көкшетау техникалық институтында оқу – әскери қызметке қабылданумен бірдей. Сондықтан, мұнда дене шынықтыруға, спортқа, шұғыл әрекет етіп, жедел шешім қабылдауға ерекше мән беріледі. Аптасына 6 рет арнайы оқу-жаттығудан өткен болашақ құтқарушылар кез келген жағдайға бейімделіп, мінсіз әрекет етуге дайын болып шығуы тиіс. Курсанттар барлық жаттығуларды нормативке сай орындайды.
СНХ: БАХТИЯР БАЙТЫҚОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ ///ҚАЗАҚША: Егер жаттығу нормативі бойынша шабуыл сатысымен онда старт белгісінен 4-ші қабатқа көтерілу өрт құтқару спорттық киіммен болса 25-27 секундты құрайды, егер спорттық киіммен болса, уақыты азырақтау 15-16-17 секундқа дейін үлгереді. ///
РКС: Институтта білім алушылар азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайда қорғау, өрт қауіпсіздігі және апаттық-құтқару сияқты 4 мамандықты меңгереді. Елімізде төтенше жағдайлар министрлігінің қайта құрылуы салаға қажетті мамандар дайындауды талап етеді. Бұл Көкшетау техникалық институтына жаңа бөлімдер а
СНХ: СЫРЫМ ШӘРІПХАНОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСТЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ// қазақша: Биыл бізде Президенттің шешімімен төтенше жағдайлар министрлігі құрылды. Бұл тапсырмалар көбейіп келеді. Атап өткен мамандықтарға тағы қосылатын болып отыр. Ол әскери бөлімшелер бар, құтқарушылар бар соларды дайындауымыз керек, сонымен қатар өндіріс қауіпсіздгі ол да министрлікке кіріп отыр. Сол бағытта біз жұмыс атқаратын боламыз. 2 жаңа бағытта жұмыс жасайтын боламыз. ///
РКС: Көкшетау техникалық институты бүгінде материалдық-техникалық базасын нығайтып, ғылыми-зерттеу зертханаларын аккредитациядан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл курсанттардың ғылыми жұмыстармен мықтап айналасуына жол ашады. Институттың педагогикалық құрамы да өте мықты. Мұнда ғылым кандидаттары мен PhD докторлары, ғылым магистрлары мен техника ғылымдарының докторлары қызмет етеді. Бұл алдағы уақытта институтта магистратура мен докторантура ашуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл бағытта да жұмыстар қолға алынған.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ АҚПАРАТ