Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың өзгелерден ұтымды дүние ұсы­на алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, соны­мен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық­тың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та­быс­қа жетуге мүмкіндік алады. Ал барлығының бастауы білімде.

Мақала маңызды міндеттерді жүктеп қана қоймайды. Елімізде қордаланған мәселелерді шешуге де жол сілтейді. Себебі, бүгінгі қоғамда рухани құндылықтардың құлдырағаны шындық. Ал ол өз кезегінде бірқатар проблемалардың туындауына алып келді.

Қазақстан озық отыз елдің қатарына қосылуды көздеп отыр. Бұл тек Үкіметтің міндеті емес, әрине. Барлық қазақстандықтар елдің өркендеуіне үлес қосуы керек. Сондықтан бұл жолда қоғамдық сананың өзгеруі, рухани жаңғыру маңызды орында.

Ермек Елберген