ДК: Мектеп тәлімгерлерін оқулықпен толық қамту мақсатында 1 млрд. теңге жұмсалмақ. Бұл туралы облыстық білім басқармасының арнайы брифингінде мәлім болды. Ақмолалық оқушылардың 45 проценті компьютер, ноутбук, планшеттермен қамтылған. 86 мың оқушы смартфон қоланады. Жаңа оқу жылында қашықтан оқытуды тиімді жүзеге асыру мақсатында өткен жылдың тәжірибесі талданыпты.
РКС: Ақмола облысында жаңа оқу жылына 557 мектеп әзірлік үстінде. Олар 132 мыңнан астам оқушыға орта білім бермек. Биыл 1сыныпқа 15 мыңға тарта балдырған қабылданыпты. Өңірде 6 жаңа мектеп құрылысы жүргізілуде. Биыл «Ауыл - ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында 80-нен астам орта білім беру мекемесіне жөндеу жұмыстары жалғасуда. Облыста 15 мыңға жуық ұстаз қызмет етеді. Жаңа оқу жылында олардың қатары 400-ден астам жас маманмен толығады. Биыл республика бойынша жаңартылған білім мазмұнына көшу аяқталып, 11 сынып оқулықтары алмастырылады. Қазіргі таңда баспаханалармен келісім-шарт жасалып, 500 мыңнан астам оқулыққа тапсырыс берілді.
СНХ: ВАЛЕРИЙ ГАМАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///АУДАРМА/// 05/09 Оқу жылы қашықтан оқыту технологиялары арқылы басталады. Бірақ бұл өткен тәжірибеге сүйеніп шалғайдағы шағын комплектілі мектептерді қамтымайды. олар оқуды бұрынғы қалыппен, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде жалғастырады. Аудандық бөлімдермен бірлесе отырып, мұндай мектепреді анықтады. Бұл шамамен 250 мектеп. Оларда 9460 оқушы бар. Бұл барлық оқушылар санының 7 проценті. Қалған 307 мектепте 122 мыңнан астам бала оқиды. Олавр қашықтан оқытадлы.
РКС: Білім және ғылым министрлігі бастауыш буын үшін ата-аналардың өтініші негізінде кезекші сыныптар ашуға рұқсат етіп отыр. Облыста 1-4-ші сыныптарда 59 мың оқушы бар. Оларға 10-15 оқушыдан аспайтын топпен білім алуға мүмкіндік ұсынылады. Қоңырау үзілісі де өзге оқушылармен кездеспейтіндей етіп өзгеше кестемен жоспарланбақ. Ең негізгі пәндер оқытылып, сабақ қысқа өтеді. Қашықтан оқыту ресурстық жабдықтауға жаңа талаптар қойып отыр. Бұл бірінші кезекте - интернет пен компьютер. Ақмолалық 2600 оқушының телефоны немесе компьютері жоқ. Оларға мектеп мүлкі берілмек. Биыл облыс әкімінің тапсырмасымен 3 мыңға тарта жаңа компьютер сатып алу жоспарланған. Айта кетелік, өткен оқу жылының 4-ші тоқсанында жас өрендерге 7 жарым мың компьютер берілген. Карантин талаптарына сай бірінші сыныпқа қабылдау EGOV порталы арқылы жүргізілуде. Сондай-ақ, оқушылар мен ұстаздарға медициналық тексеруден өту міндетті емес. Оны оқу жылы барысында өтуге рұқсат. Бірыңғай мектеп формасы да талап етілмейді. Бұл ұстаздар мен оқушылардың қауіпсіздігі үшін қолға алынған шаралар.
АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ЖАХАНГИР МҰХАМБЕТОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».