ДК: Елде ұнның бағасы көтерілуде. Мәселен, өңірдің өзінде 1-ші сұрыпты ұн 9 жарым процентке қымбаттаған. Яғни, 1 кг ұн 162 теңгеге жоғарыласа, осы сұрыптан әзірленген нанның бағасы да көтерілуде.
СНХ: ӘЛИЯ БАЗАРБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: /қаз/ Өткендері, ұн болмай қалып, дүкеннен 3 кг алдым. 3 кг ұнды сол кезде 870 теңгеге алдым. Бағасына да қарамаппын, заттарымды алып алып, үйге кеп қарасам, солай жазылып тұр. 3 кг 870 теңге. Масқара, енді ол қымбат қой.
СНХ: ЗӘУРЕШ АНУРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: /қаз/ Біз келгенде екі жұма бұрын 5 кг. 500 теңге тұратын. + Почти наверное четверть подорожало. +Тайынша нан қымбаттап кетті. 100 теңге еді. 115 теңге. Неге сонша қымбаттап кетті? Вот соны айтыңыз. Көкше нан 80 еді, 90 теңге боп, одан 100 теңге. Почему Көкше нан подорожало?
РКС: Өңір мамандары бұл сұрақтардың жауабын былай қайырды. Өңірде бидайдың құны да артқан.
СНХ: НҰРБОЛАТ ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:/қаз/Статистикалық деректер бойынша бидайдың құны жыл басынан 22,4 пайызға көтеріліп, 1 тоннасына 76 мыңнан астам болады.
РКС: Бидай құнының қымбаттауына әлемдік нарық әсер етуде,-дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары. Бұдан бөлек, курс айырмашылығының өзгеруі де өз септігін тигізуде.
СНХ: БОТАГӨЗ БІРКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: /рус/ Да, действительно в весенний период наблюдалось повышение стоимости зерна, в данный период цена доходило до 100 тысяч тенге за тонну. .+ Но за последние три недели наблюдается снижение цены, на сегодняшний день средняя цена товарного зерна 3 класса составляет 85 тысяч тенге за тонну, 4-й класс 80тысяч тенге и роста в ближайшее время не ожидается.....Иә, рас, көктемде бидайдың құны тоннасына 100 мың теңгеге дейін шарықтап кетті. Алайда, соңғы 3 аптада бидайдың орташа бағасы 3 сұрып үшін тоннасы 85 мың теңге, 4 сұрып 80 мың теңгеге төмендеді. Жуық арада бұл бағалар көтерілмейді.
РКС: Бүгінде облыста 2 миллион тонна бидай сақтаулы тұр. Ал, олардан әзірленетін ұнның бағасын тұрақтандыру қоры бақылауға алынған. Осы мақсатта қор өкілдері 1-ші сұрыпты ұнның 2 мың тоннасын сатып алып, өңір наубайханаларына килограмын 110 теңгеден өткізуде.