РКС: Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның тарихында орын алған елеулі оқиға – мемлекеттік рәміздерін айқындау.  Өйткені, егемен елдің нышаны – өз Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны болуы керек. Осыдан 28 жыл бұрын тұңғыш  Президент  Н.Назарбаев мемлекеттік рәміздерді бекітті. Ал 2006 жылы 6 қаңтарда бүгінгі сіз бен біз жақсы білетін «Менің Қазақстаным» әні еліміздің жаңа Әнұранына айналды. Ол алғаш рет сол жылдың 11 қаңтарында Ақордада  шырқалды. Содан бері бұл ән талай қазақстандықтың патриоттық сезімін оятып, шет елдің төрінде де асқақтады. Елімізде мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты арнайы Конституциялық заң  бар.  Ол  2007 жылдың 4 маусымында қабылданған.

СНХ: АҚТОТЫ БЕРЛІБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ/// ҚАЗ///   04:00 ҚР-да 4 маусым күні республикамыздың рәміздер мерекесі күніне орай ҚР-да «Менің туым» сияқты түрлі республикалық акциялар өткізіледі. Ол кезде туды балконға іліп, қолдануға болады.  + Ал басқа күндері заңмен шектеледі. Яғни рұқсат етілмейді. 04:55Осы мемлекеттік рәміздерді дайындау кез келген адам құқылы емес. Тек арнайы дайындайтын стандартқа сәйкес, тудың және Елтаңбаның дайындалуына сәйкес арнайы  өзінің лицензиясы болуы керек сол мекеменің. Сол жағдайда ғана ол мемлекеттік рәміздерді дайындай алады.

 

РКС:  Облыстық полиция департаментінің мәліметінше өңірде аталған заңды бұзу деректері тіркелмеген. Сонымен бірге мемлекеттік рәміздерді  ғимараттарда орнатудың да өз талаптары бар.

 

СНХ: АҚТОТЫ БЕРЛІБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ/// ҚАЗ///(в начале) ҚР-ның мемлекеттік рәміздері Елтаңбасы, Әнұраны және Туын пайдалану оларды орнату, орналастыру тәртіптері: мемлекеттік ту атқарушы органдарының орналасқан ғимараттарының төбесіне орнатылады. Ту мен Елтаңба  жергілікті  атқарушы  және өкілетті органдар басшыларының жұмыс бөлмелерінде орналыстырылады.  + 01:18 Елтаңба мен Ту көлеміне қарамай, мемлекеттік стандарттарға сай келуі қажет. Яғни биіктігі мен ені, оның арақатынасы мемлекеттік дәрежеде болуы керек. Мемлекеттік туды ілгенде бір қабатты немесе көпқабатты үйлердің сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ  стандарттар рәміздердің формасы мен түсін, көлемін, дайындалатын материалдарды анықтайды. Осы Заңның 13 бабына сәйкес, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар ҚР-Ның мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндеттелген.

 

РКС: Иә! Рәміздерге деген құрмет анығында балабақша мен мектептен бастау алады. Өйткені, тәрбиенің алғашқы баспалдағы, тұңғыш институты сол арада қалыптасады.

 

СНХ: СӘРСЕНБАЙ  СЫЗДЫҚОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЗАҢТАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ/// ҚАЗ/РУС///  начало 00:30 НА РУС///  01:40 НА КАЗ// Біз оны қалай насихаттауымыз керек? Оны балабақшадан бастап, мектептерде,  жоғары  оқу  орындарында дұрыс  насихаттап, оны құрмет көрсету + тәрбие отбасынан басталады дейді ғой.  Отбасынан бастап дұрыстап тәрбиелеп, дұрыс айтып. + тәрбиелеуіміз қажет. Құрмет көрсетіп жүруіміз қажет әрдайым.

 

РКС: Рәміздер күнінің 28-ші мерекесін көкшетаулықтар көп болып қарсы алды. Әрине, елдегі эпидемиологиялық жағдай мейрамға өз әсерін тигізбей қоймады. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы шараларға аз адам жұмылдырылды. Мерекені тойлау облыс орталығында таңғы сағат сегізден басталды.Өңірдегі белді, ірі кәсіпорын ұжымдары мемлекеттік әнұранды шырқады.

 

Ест.шум (гормолзаводтықтар, жұмысшы азаматтар әнұранды орындайды)

 

СНХ: ЕЛЕНА ЗВОЛЬСКАЯ-ФОМИНОВА«ЕВРАЗИЯ ГРУПП КАЗАХСТАН»  СЕРІКТЕСТІГІ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ// РУС// Біз барлық қазақстандықтарды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Бүгін ұжым болып, осы мерекелік шараға ат салысудамыз. 

 

СНХ: ФАРИЗА  ҚАЛТҰРСЫНОВА «ГОРМОЛЗАВОД» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТЕХНОЛОГЫ/// РУС// Біз тек көкшетаулықтарды ғана емес, барлық қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтаймыз. Біздің кәсіпорында ашымалы сүт өнімдерін өндіретін жаңа цех ашылуда. Бұл елорданың азық-түлік белдеуін дамытуға қосқан үлесіміз екендігін айтқым келеді.

 

РКС: Әрі қарай Бұқпа тауында «Ел рәміздері – еркіндік  нышаны» атты ерекше акция өтті. 14 волонтер ені 5, ұзындығы 10 метр  Туды жайды. Сонымен бірге қала орталығымен  ту ұстап, жүріп өткен 20 жеңіл автокөлік  пен 14 волонтер  мейрам көркін әрлей түсті. Айта кетейік, мереке аясында облыс орталығында   оннан астам іс-шара ұйымдастырылды.Орталық  алаңда 20-ға жуық еріктінің қатысуымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты акция өтті. Олар тұрғындарға 1000  жалауша таратып, мерекемен құттықтады. Бұл – әр адамның бойына патриоттық сезімді ұялату үшін жасалған шара.

 

СНХ: КӘМИЛА ҚҰЛЫБЕКОВА, «ДОСТАР» МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ /қаз/ҚР рәміздерінің күні. Бізде халық алдына шығып, кішкене болса да осы туларымызды таратып жүрміз. Мақсаты халықтың Тәуелсіздікті айтып, рухын бір көтеру ғой. Мәдени шараларға мәдени саланың қызметкерлері мен волонтерлар атсалысуда.

РКС: Ал Шамет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры бұл күнді өзгеше атап өтті. Театр актерлары  Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындап, оны еліміздің  барлық  театрларына челлендж ретінде жолдады.

 

Ест.шум.

 

СНХ: ФАРХАДБЕК  ҚАНАФИН, Ш.ҚҰСАЙЫНОВ  АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ-МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ РЕЖИССЁРІ/// ҚАЗ/ 00:30 Бұл мерекенің қазақстандықтар үшін маңызы зор. Өйткені, тәуелсіз еліміздің нағыз нышандары осы көк Туымыз, Әнұранымыз және Елтаңбамыз. + 00:46 Бұл әннің тарихы терең. Ескендір ағамыздың осы әні қазақ халқының бойындағы рухты көтереді, жастардың бойында отаншылдық сезімді қалыптастырады.

 

РКС: Бұл мереке спортшылар үшін де ерекше. Өйткені, көк тудың биікте, шет елдің төрінде желбіреуі алдымен солардың еселі жеңісінің жемісі.

 

СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, БОКСТАН СПОРТ ШЕБЕРІ/// ///РУСС///Мемлекеттік тудың біздің өмірімізде алар орны ерек. Жеңіс тұғырында тұрғанда, біз туымыздың биікке көтерілгенін көреміз. Және біздің құрметімізге мемлекеттік әнұран шырқалады. Мұндайда кеудеңді мақтаныш кернеп, еліміз үшін мақтанамыз. Еліміздің алмас қамалы жоқ екендігін, еңсесі биік, тәуелсіз  мықты мемлекет екендігін сезінесің.

РКС: Бұдан  бөлек қалалық мәдениет  және  тілдерді  дамыту  бөлімі  облыс орталығындағы тоғызқабатты үйдің тұрғындары   балконға шығып,   мемлекеттік  Ту ұстап, патриоттық  әндершырқады.  Шараға  қатысқан тұрғындар мұндай шаралардың  маңызының зор екендігін айтады.

СНХ: ЖАНАР АЙТҚОЖИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ///01:00///Біздің үйдің тұрғындары осындай акцияға ат салысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетіп жатыр. 01:35 Мемлекеттік рәміздер – біздің елдігіміздің нышаны. Тәуелсіздігіміздің белгісі. Сондықтан, біз мемлекеттік рәміздерге  үлкен құрмет, мақтанышпен қарауымыз керек деп ойлаймын. 

 

РКС: Әрине. Отанға құрмет-Отбасынан! Егемендігіміз  бен  елдігіміздің  нышаны,  тәуелсіздігіміздің  белгісі туымыз биікте желбіреп, әнұранымыз  жүрекпен шырқалып,  Елтаңбамыз  еңсемізді көтере берсін!

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ,  ДАРХАН САҒЫН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.