ДИКТОР КАДРДА: Бұланды ауданының диқандары көктемгі дала жұмыстарын аяқтады. Аудан егіншілері биыл 240 мың гектар егістік алқабына дән сіңірген. Күн жылысымен бірден себілген алқаптар қазір көктеп жатыр. Яғни, бидай мен арпаның сабағы қылтиіп тұр. Бұл қажетті агротехникалық шараларды тиімді қолданудың жемісі дейді, мамандар. Сондай-ақ ылғалын аямаған табиғат-ананың тартуы тағы бар. Нанның иісі аңқыған алқапты аралап, мамандардың пікірін саралап қайтқан тілші бейнематериалы.
ЖКС: Тары ексең тербеліп шығатын жазиралы өлке жазды күні, әсіресе, жадырап сала береді. Қойнауы құт. Сайын дала сағымымен таласып өсер жасыл желек айналасы алты аптада жер көкті сарыға бояп, қасиетті нанның сыңғырлаған әнін салдырады. Диқандар мәз-мейрам. «Журавлевка-1» серіктестігінің егіншілері көктемгі дала жұмыстарын толығымен аяқтады. Барлығы 58 мың гектар егістік алқабына дән сіңірген. Заманауи техниканың арқасында бар-жоғы 10 күннің ішінде жұмысты опырып істеп, жоспарды еңсерген. Бірақ, алқаптағы тірлік осымен тоқтамақ емес. Орақ науқанына дейін пар жырту, егістікті тыңайтқыштармен байыту сияқты агротехникалық шаралар бар.
СНХ: ҚУАНТАЙ СҰЛТАНОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ
////Біз талапқа сай, егіс жқмыстарын 14 мамыр бастадық. 25 мамыр арпа мен бидайды сеуіп бітірдік. Жалпы біздің шаруашылық 58 мың гектар егістік алқабына егін септі. Биыл көктемгі егіс жұмыстары карантиндік режиммен сәйкес келді. Бірақ, мемлекет пен жергілікті биліктің қолдауының арқасында ауыртпашылық болған жоқ. Жанар-жағар май мен техникаға қажетті құрал-саймандарды кедергісчіз әкелдік. ////
ЖКС: Арпа, бидай, сұлы, одан бөлек, зығыр, күнбағын және рапс сияқты майлы дәнді-дақылдар себілген. Мал азығы да ескеріліпті. Бүгінгі таңда серіктестік 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ауылшаруашылығы құрылымдары мемлекеттік қолдауды молынан сезінуде. Елдегі карантиндік режимі кезінде барлық талаптарды сақтаған серіктестіктерге тосқауыл болмапты. Керісінше, керегін жеткізіп, егінін еккізуге жәрдем жасаған.
СНХ: ОРАЗ СМАҒҰЛОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
////Ауа райы өте қолайлы болды. 10 мамыр бастады. 15 мамыр массовйы кетті. Биыл 240 гектар жерге дән ексек, оның 17 мыңы майлы дәнді-дақылдар. Ұазір ауданымызда май өндіретін зауыт залынып жатыр. Сондықтан келесі жылы майлы дақылдар көлемін 30 процентке дейін жеткізу жоспарда бар. Бұл нарық сұранысы. ////
ЖКС: Даланың дархандылығынан дәмеліміз. Абырой болғанда, мол өнім шығып, қырманымыз астыққа толып жатса, маңдай тердің ақталғаны, дейді диқандар. Мезгіл ауысып, маусым жетеді. Уақыт жоқ, олжалы іске орақ дайындайтын да уақыт күттірмей жетеді.
Берік Қайдарұлы, Дархан Мүжібаев, Көкше-Ақпарат