Ақмола облысында дәрігерлер тапшы. Әсіресе, аудандық ауруханаларда мамандар жетпіспеушілігі қатты сезіледі. Бұл мәселе жергілікті биліктің назарында. Мәселен, Жарқайың орталық аудандық ауруханасына былтыр 12 жас дәрігер келген. Олардың өңірде қалып, жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған.
Жарқайың орталық аудандық ауруханасы өткен жылы жаңа ғимаратқа көшті. Заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Алайда, білікті маман болса, құр техниканың пайдасы жоқ екені белгілі. Сондықтан ауданға жас дәрігерлер тартылды. Солардың бірі - Диана Айтжанова. Ол біліктілігін арттырып, енді тұрғындар игілігі үшін қызмет атқарып жүр.
Аурухана жабдықталу деңгейі бойынша аудандық мекемелер арасында республикада үздік үштікке кіреді. Дәрігерлер енді қиын деген операцияларды өздері-ақ жасай береді.
Науқастар енді ем іздеп Көкшетау мен Қостанайға немесе Астанаға сабылмайды. Мамандар жергілікті деңгейде қажетті ем-дом жасайды. Бұл бірінші кезекте аудан тұрғындарына жақсы.
Дегенмен Жарқайың ауданында әлі де дәрігерлердің тапшылығы бар. Сондықтан жас мамандарды тарту тұрақты түрде жүргізілмек. Оларға үй беру мақсатында биыл тағы бір көпқабатты баспана қалпына келтірілмек.
Ермек Елберген, Василий Вережников