СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, РЕДАКТОР/// Жылу маусымы аяқталғанымен, облыс бойынша қысқа дайындық ретінде жылу көздері мен желілерін жөндеу жұмыстары басталды. Оған биыл 9 миллиард 800 миллион  теңге бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда 3 жарым есе артық. Дәл қазір бұл жерде жылу құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

РКС: «Көкшетау жылу» серіктестігі биыл ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жылу құбырын жаңартпақ. Бұл бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік бағдарламалар аясында қалалық құрылыс бөлімі де атқаруда. Сөйтіп, Көкшетау қаласында жыл сайын 10 шақырымнан аса жылу құбыры ауыстырылады. Десе де, облыс орталығындағы жылу жүйелерінің 50 пайызының тозығы жеткен,-дейді мамандар.  

СНХ: РУСЛАН МӘКІШЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///аударма: Износ 50 процентов. Также идет замена сетей. С каждым годом идет стабильно. .. Жылу жүйелерінің 50 пайызының тозығы жетті деуге болады. Десе де, жыл сайын оларды жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл біз ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жылу құбырын жаңартпақпыз. Оның 900 метрі магистральді жүйе болса, 3 шақырымы кварталішілік құбыр. Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды жылу маусымына дайындау жұмыстары қатар жүріп жатыр. //

РКС: Ақан сері, Әуезов және Ғабдуллин көшелеріндегі жылу құбырлары қала бойынша жылу тасымалдағыш негізгі магистральді желі саналады. Биыл осы аумақтағы құбырлар да жаңартылмақ.

СНХ: РУСЛАН МӘКІШЕВ, «КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ» КӘСІПОРНЫ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///аударма: также производится реконструкция магистральных сетей по улице Габдуллина. ...  Ғабдуллин көшесінің бойындағы жылу құбырлары биыл толығымен жаңартылуда. Ұзындығы 800 метрді құрайтын жүйе диаметрі 700 мм құбырлармен ауыстырылады. ///

РКС: Келесі жылу маусымына облыс бойынша 666 қазандықты дайындау қажет. Биыл облыс бойынша 75 шақырымды құрайтын жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар  қазіргі кезде 2 мың 300 –ден аса тұрғын үйді, 556 денсаулық сақтау және 721 білім беру нысанын  жылу маусымына дайындау жұмыстары басталды.

СНХ: ГҮЛВИРА ӘЛІМОВА, №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ   //біздің мектепте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында құны 50 миллион теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Яғни, жылу және кәріз жүйесі жаңартылады. Жөндеу жұмыстарын «Арлан - 2004» серіктестігі қолға алды. 

РКС: Білім ошағындағы жылу құбырларының тозығы жеткенімен, өткен оқу жылына еш кедергі келтірмеген. Десе де, қаладағы №8  орта мектептің басшылығын біраз әуре-сарсаңға салған көрінеді. Себебі, негізі 1971 жылы қаланған мектепте бірде-бір рет күрделі жөндеу жасалмаған.

СНХ: НҰРЛАН МҰҚАЖАНОВ, №8 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ ////Аударма: Жылу беру маусымы біздің мектеп үшін өте қиын өтті. Өйткені, жылу жүйелері қатты ескірген. Салдарынан құбырлардың бірнеше рет  жарылуы  орын алды. Мамандар құбырларды жаңарту керек дейтін. ///

РКС: Аталған білім ошағындағы жылу жүйелерін жаңарту жұмыстарына 287 миллион теңге бөлінген. Мердігер компанияның өкілі күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтауды жоспарлайды. Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша өткен жылу беру маусымында қазандықтар қалыпты режимде жұмыс істеді. Десе де, Бұланды, Аршалы, Бурабай аудандарында жылумен жабдықтау жүйелерін іске қосуда кемшіліктер анықталған.

СНХ: ИВАН ЮРЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма: Бұланды ауданы Макинск қаласының №2 орта мектебінде, сондай-ақ Аршалы ауданы, Михайловка ауылының «Колокольчик» балабақшасында, Бурабай кентінің Энергетиктер көшесінде жылумен қамтамасыз ету өлшемдерінің төмендеуіне жол берілген. ////

РКС: Облыс бойынша аталған коммуналдық қызмет үшін дебиторлық берешек 1 миллиард теңгеден асқан. Ең көп мерзімі өткен берешек Көкшетау мен Степногорск қалалары және Бурабай, Атбасар, Целиноград, Зеренді аудандарында тіркелген.

СНХ: ИВАН ЮРЧЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ ///аударма:///Аудандар мен қалалардың әкімдіктері коммуналдық қызмет үшін берешекті төмендетуге қатысты  жұмысты күшейтулері қажет. Жекелеген коммуналдық кәсіпорындар кредиторлық берешекке жол берді. Мәселен, «Көкшетау жылу» кәсіпорнының қарызы 3,4 миллиард теңге. Атбасар, Есіл, Щучинск қалалары кәсіпорындарының да қарыздары көп. ///

РКС: Кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында жыл сайын облыстық  және жергілікті бюджеттерден жылу беру маусымына қаражат бөлінеді. Оған қазандық пен жылу желілері жөнделіп, отын қоры сатып алынады. Қаржы көмегін барлық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар ала бастады. Алайда, талдау көрсетіп отырғандай дебиторлық және кредиторлық берешекті азайту бойынша жағдай жақсармай тұр. Бұл тарифтерге де ықпал етуде. Монополияға қарсы ведомство облыстың жылумен қамтамасыз ететін бірқатар кәсіпорындарына өтемдік  тарифтерді енгізуі мүмкін.

СНХ: АЗАМАТ САБЫРЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ   ///АУДАРМА: Все затраты тарифа берутся на основании расчетным путем и принимается тарифа.... Кәсіпорын өзінің барлық шығындарын есептеп, оны тарифке енгізеді. Оны мақұлдау үшін қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады.  Тарифке жұмысшылардың жалақысы, мүліктік салық, желілерді жөндеу жұмыстарына кеткен шығын, бәрі есептеледі. Себебі, елді-мекендерді жылумен үздіксіз, әрі сапалы қамтамасыз ету керек. Бір жыл ішіндегі табысы мен шығынын есептеген коммуналдық кәсіпорын тарифті қайта қарастыруы мүмкін. ///

РКС: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында биыл 34 нысан бойынша қазандықты және жылу жүйелерін жөндеу көзделген. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Аудан әкімдерімен онлайн режимде өткен жиында өңір басшысы Ермек Маржықпаев жылу маусымына дайындыққа жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  ///АУДАРМА: Жылу беру маусымы басталғанға дейін барлық жұмыстарды аяқтау қажет. Биыл облыстық бюджеттен бұл мақсаттарға 6,4 миллиард теңге бөлінді. 9,5 миллиард жөндеу жұмыстарына қарастырылды. Отын қорын құруға жауапкершілікпен қараңыздар. Қарызды өтеуге байланысты пәрменді шаралар қабылдаңыздар. Тарифті реттеңіздер. Оған абай болу қажет. ///

РКС: Отын қорына келсек, жылу беру маусымына көмірдің қажеттілігі 40 мың 500 тонна. Ал, 1-ші қазанға дейін отынның екі айлық қоры дайын болуы тиіс.

 

 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ДАРХАН САҒЫН «АҚМОЛА АПТА»