Елбасы белгілеген Ұлт жоспары: 100 нақты қадамның 80-ші қадамы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу. Бүгінде тиісті заң қабылданып, алдын-ала атқарылуы тиіс жұмыс жоспарлары бекітілген. Өңірдің денсаулық сақтау жүйесі мен медицина қызметкерлерінің жаңа жүйеге әзірлігі қандай? Толығырақ тілші тарқатады. Мемлекет, жұмыс беруші, және жеке тұлға. Алдағы уақытта бұл үштік адам денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұндай медициналық сақтандыру жүйесі әлемнің озық елдерінің тәжірибесінде бар. Өңірдің ақ халаттылары жаңа жүйеге тас түйін дайын. Жұмыс барысы облыс басшылығының жіті бақылауында.
Кез-келген азамат кепілдендірілген медициналық көмек көлемін еш кедергісіз алады. Жұмыссыздар, көпбалалы және 3 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған аналар, студенттер, кәмелет жасына толмағандар тәрізді әлеуметтік топтар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Бұл ел тұрғындарының жартысынан астамы. Бүгінде басты мақсат тұрғындардың, дәл осы, әлеуметтік тобын анықтау болып отыр.
Жаңа жүйенің басты мақсаты медициналық көмек сапасын арттыру, қазақстандықтардың орташа өмір сұру ұзақтығын 73 жасқа жеткізу. Бұл еліміздің медициналық кластерін жаңа деңгейге көтермек.
Ауғанбек Манарбекұлы, Арман Балбергенов.