Есіл аудандық ауруханасына құрылысшы қалағының тимегеніне көп болып еді. «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде аталмыш медицина мекемесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, дәрігерлер мен жергілікті тұрғындар қуанышқа бөленді.
Тендерді жеңіп алған құрылыс компаниясы келісім-шартта белгіленген мерзімде күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап шықты. Олар аудандық аурухананың құрылыс жұмысына, негізінен, отандық материалдарды қолданды. Ең бірінші, медицина мекемесінің шатырын жөндеп, одан соң ішкі жұмыстарды жүйелі жүргізді.
Коммуникациялық жүйелер де жаңартылды. Палаталар жылы әрі жайлы.
Мемлекеттік бағдарлама тарапынан бөлінген қаржы тиімді жұмсалды. Сөйтіп, аудандық аурухананың ажары кірді.
Қалымбек Мұхамеджанов, Сабырбек Құлатайұлы