ДК: 18-ші сәуір халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Бұл мереке 1983-ші жылдан бері аталып келеді. Тарихи мәдени мұра нысандарына қамқорлық жасау – мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Сан ғасырлық тарихы бар Қазақ Елі Әлем өркениетінің қазынасына енетін мәдени құндылықтарға бай. Бүгінгі таңда осындай ескерткіштердің басым көпшілігі ЮНЕСКО тарапынан танылып, әлемге әйгілі ескерткіштер қатарына еніп отыр.

 

РКС: Аймақта 1793 мәдени-тарихи ескерткіш тіркелген. Олардың төртеуі республикалық маңызы бар нысан тізіміне енгізілген. Олар бұрынғы Валериан Куйбышевтің үйі – қазіргі Көкшетау қаласының музейі. Ұлы ағартушы ғалым - Шоқан Уәлиханов пен ақын-сазгер Бір сал ескеркіші. Сондай-ақ Қорғалжын ауданындағы Бытығай кесенесі. Облыста жергілікті маңызы бар 1032 және 757 ескерткіш алдын-ала есеп тізіміне енгізілген. Қазір аймақтағы тағы 10 тарихи мәдени ескерткішке Республикалық мәртебе беру туралы ҚР Мәдениет  және спорт министрлігіне ұсыныс жолданған. Олардың қатарына Бурабай ауданындағы Абылай Хан алаңы, Целиноград ауданындағы Қабанбай Батыр кесенесі сондай-ақ Көкшетау қаласындағы Ақан сері және Біржан сал ескетркіштері сынды мәдени нысандар кіреді.

 

СНХ: ГҮЛМИРА БЕКНАЗАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ///аударма /// «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі іргетасы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Былтыр бұл бағытта басқарма мен орталықтың табанды жұмысының нәтижесінде тағы 3 киелі жер мемлекетттік тізімге енгізілді. Олар Астрахан ауданындағы «Тоғыз Әулие», Біржан сал ауданындағы Аңғал Батыр жерленген жер мен Жарқайың ауданындағы Қабыл Батырдың зираты. Сондай-ақ былтырғы жылы тарихи мәдени ескерткіштерді жаңарту бағытында да жұмыс жүйелі түрде жүргізілді.»

 РКС: Өңірде сонымен қатар «Көкше жерінің ұлы тұлғалары», «Қазыналы қазба  - ұлт құндылығы»  жобалары қолға алынған. Облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы мен облыстық «Көкше»  телеарнасының бірлескен «Бабалар тарихы - ұрпақтың ұлағатында» атты жобасы аясында 8 бейне фильм әзірленіпті. Қазір олар әлеуметтік желілерде онлайн-режимде көрсетілуде. Жыл сайын аймақта археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Былтыр ғалымдар 5 ауданда зерттеу, зерделеу жүргізген. Табылған жәдігерлер облыстық тарихи өлкетану музейінің қорына тапсырылған. Қазір мұнда 1500-ден астам жәдігер сақтаулы.

 

СНХ: СЕРІК ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ /// қазақша /// Орталық тарапынан қазіргі таңда облыстық туризм басқармасымен бірлесе отырып, 7 туристік бағыт бойынша тур фирмалармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұдан бөлек елімізде жарияланған төтенше жағдайларға байланысты орталық онлайн түрде шаралар өткізіп жатыр. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына байланысты Ақмола облысының аудан және қала әкімдіктерінің алдын ала мәлімети жинаудың нәтижесі бойынша облыс көліменде 244 ескеркішіміз бар. ҚР тыйым салынбаған қаражат немесе демеушілік есебінен жлпы облыс бойынша 12 миллион 970 мың 342 теңгеге ескерткіштерге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. ///    

 

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///қазақша /// Зайбер  Виктор Федеровичпен қоса 50 ге тарта археологитялық жаңа ескерткіштер ашқан едік. Олардың барлыңына паспорт жасап, біздің реестрімізге енгізіп, базаға кіргіздік. Және ерекше атап кететінім Есіл өзені жағасындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде қоладан жасалған гривна тапқан едік. Оның ерекшелігі 20 ғасырдың 50 жылдары Әлкей Марғұлан Орталық Қазақстанда қазба жұмыстарын жүргізген кезде дәл осыендай артифакт тапқан еді. Және жарты ғасыр өткен кезде Ақмола облысында осындай екінші жәдігер табылды. Ол қазір жаңарған музейдің экспозициясынан орын алды.  /// 

 

РКС: Бүгінгі таңда тарихи-мәдени ескеркіштер 5 санатқа бөлінеді. Бұдан бөлек киелі жерлер мен монументальді өнер құрылыстары қосылды. Өңірдегі 1032 мәдени тарихи мұраның 977-і археологиялық ескерткіш санатына жатады. 34-і монументтік өнер туындысы және 21-і қала құрылысы және сәулет нысаны. Ал 46-сы  киелі жерлер.

 

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.