Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанынан Еркеш Ибраhим атындағы жас ақындар клубы ашылды.  

Ест.шум өлең оқу

РКС: Әйгерім Тоқтамыс аталмыш оқу ордасының бірінші курс студенті. Ол бүгінгі таңда ақындар клубының белді мүшесі. Өлең-жырға құштар қыз дәл осы клубта өзінің шығармашылығын шыңдап келе жатқанын айтады.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ТОҚТАМЫС, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ///ҚАЗ///Клубтың тиімділігі барлық  ақын студенттердің басы бір арнаға тоғысты деуге болады.+скл+ Бұл  біз үшін үлкен қуаныш. Осы клубқа қосылып, жаңа бір әдеби ортаға  енгендей болдым.

РКС:  Ақындар клубына қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Еркеш Ибраhим есімінің берілуі тегін емес. Себебі, қабырғалы қаламгер Еркеш Ибраhим – қазақ поэзиясының өрістеп, биік дәрежеге көтерілуіне қомақты үлес қосты. Білім ордасындағы өнер сүйер жастар әдеби ортаға қалыптасып, шығармашылықтарын шыңдай түседі.

СНХ: АЙДАР ҚОЖАБАЕВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ///қаз///Әзірше осы жастар тек өңірдегі байқауларға қатысып, топ жарып жүр. Алдағы уақытта республикалық көлемде өтетін байқауларға қатыспақ ниет бар.

РКС: Клуб мүшелері алғашқы шараларын Еркеш ИбраҺимнің 90 жылдағына орай ұйымдастырған. Енді алдағы жоспарлары Абайдың 175 жылдығы аясында қалалық жас ақындар мүшәйрасын өткізу. Сондай-ақ, алдағы айда осы жас ақындардың антологиясы шығады деп күтілуде.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ