«Рио»Сауда орталығында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында  ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті. «Fashion Week» фестивалінде жергілікті дизайнерлер ұлттық киімдерді заманға лайықтап тігіп, көпшілікке ұсынды. Көрсетілімде баршаға ұлттық нақыштағы киімдерімен танымал «Ақай» және  «Светлана» сән үйлері  сән үлгілерін ұсынды.  

Бүрмелі көйлек, үкілі сәукеле, қынама қамзол  кәсібі дизайнерлер мен  өндірістік колледждер дайындаған  көйлектер барлығы қазақы нақышта тігілген.

СВЕТЛАНА КУКЕНОВА, «АҚАЙ» СӘН ҮЙІНІҢ ДИЗАЙНЕРІ

«Ақай» сән үйі қазақ ұлттық киімдерін замануи үлгіде ұсынып отыр. Сондай-ақ күнделікті киіп жүрген жемпірлер мен костюмдерге де ұлттық леп қосып ерекше үлгіде жасаймыз.

Сән кешінде жас дизайнерлердің де жұмыстары көрсетілді. Олары А.Мырзахметов атындағы университеттің «Дизайн» кафедрасы студенттері, және де жоғары техникалық колледж өкілдері өз туындыларымен таңқалдырды.

САЛТАНАТ АҚЫМБЕК, А,МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Қазақ ұлттық киімдерінің көрсетілімін қала тұрғындарына ұсынып отырмыз. Басты мақсат ұлттық киімдерді заманауи үлгіде көрсету. Тәуелсіздік мерекесі аясында сән көрсетілімін ұсынып, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттағымыз келді. 

Көрсетілімге қатысушы дизайнерлердің айтуынша қазіргі кезде жастар арасында ұлттық нақышта тігілген заманауи киімдер  сұранысқа ие көрінеді. 

СВЕТЛАНА ЕХЛАКОВА, «СВЕТЛАНА» СӘН ҮЙІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

Бүгін біз өзіміздің дизайнерлік жұмыстарымызды көпшілікке көрсетуге мүмкіндік алып отырмыз. Ұлттық нақыштағы киімдерді сәйкестендіріп киюдің үлгілерін ұсынудамыз. Отандық өнімдерді халық білуі керек. Ұйымдастырушыларға рахмет.

Айта кететіні ұсынылған дизайнерлік киімдер «Нео - фольклор» үлгісінде тігілген. Бұл ұлттық киімнің заманауи түрі. Көрсетілім қатысушылары  ұлттық төл өнерімізді насихаттауда қосқан зор үлестері үшін марапатталды. 

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»