ДК: Трасса бойында сауда саттық жасауға тыйым салынғанына қарамастан, бұл жерлерде тауар сатушылардың қатары аз емес. Жолдағы заңсыз сауда жасау қаупін түсіндіру мақсатында полиция департаменті рейд жүргізді. Толығырақ келесі бейематериалда.
РКС: Көбінесе жүргізушілер көкөністер мен жемістерді сатып алу үшін жол жиегіне тоқтайды. Осылайша, олар жол-көлік оқиғаларына әкелетін қауіпке тап болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жол қозғалысының қалған қатысушыларына қолайсыздық туғызады.
РКС: Полиция қызметкерлері саудагерлерді жазалай алмайды, сондықтан мұндай шаралардың алдын-алу қауіпсіздікті күшейтеді. Алайда, түсіндіру жұмыстары көмектеспей жатады. Маусымдық кәсіпкерлер тауарды мол сату үшін жолға барынша жақын тұруға тырысады.
СНХ: МЕРДЕН КЕНЖЕҒОЗИН, ПОЛИЦИЯ ЛЕЙТЕНАНТЫ Жаз басынан жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Полиция қызметкерлерінен бірнеше рет ескерту келіп түсті,бірақ сатушылар мұны елемейді және сатуды жалғастырады.
РКС: Сатушылар рөлінде жасы кәмелетке толмағандар жиі кездеседі, бұл да елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Статистика бойынша ағымдағы жылдың алты айындағы дерекке сүйенсек, "Астана-Петропавл" автожолында 3 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан үш адам қаза тапқан.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ БОЙЫНША КӨКШЕ АҚПАРАТҚА ӘЗІРЛЕГЕН ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ.