РКС: Тұңғыш Президент-Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарық көргелі алтын бесік ауылға деген ынта-ықыластың ерекше артқаны белгілі. Бұл ретте әр азамат туған топыраққа бетбұрып, алтын бесік ауылдың әлеуметтік-эконмикалық дамуына өзіндік үлесін қоса бастады. Ауыл тойы кешегі өткен ата-бабалар рухына құран бағыштаудан бастау алды. Іргесі сөгілмеген аядай ғана Дөңгілағаш аулының 90 жылдық мерейтойына арнайы ақшаңқан киіз үйлер тігілді. 

СНХ: БЕРІКЖАН ӘБУТӘЛІПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Ұрпақтар үшін кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен Дөңгіл ағаш ауылының тиоқсан жылдық мерейтойымен шын жүректен барлықтарыңызды осы жерде құттықтаймын. Ауыл адамзаттың кең дүние есігін ашып, өмірге келген киелі жері. Ауыл - ұлтымыздың ұйытқысы. Сондытан біз кез-келген ұлттың түп-тұмары ауыл жұртында жататын естен шығармауға тиіспіз.

РКС: Аядай ғана ауылдан иісі қазаққа танымал талай тұғырлы тұлғалар түлеп ұшты. Солардың бірі - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Қапаш Құлышева. Өнер иесі  туған топыраққа деген ыстық ықыласын әуелеген әнмен жеткізді.

РКС: Тоқсан жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі - жарасып, ырысы - тасыған Дөңгіл ағаш ауылының бүгінгі тыныс - тіршілігі көңілге қуаныш ұялатады. 

СНХ: ДӘУЛЕН НҰРАЛИН, ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ ЭКС-СУДЬЯСЫ  Біз мына кішкентай ғана Дөңгілағаштың келелі бір тарихы бар. Осында тұратын әрбір үйдің бір тарихы бар. Әрине біз ең алдымен осы Дөңгілағаштың іргесін қалап, еңбек жасаған Үкіметке, өзеріне еңбек жасаған, ерлік көрсеткен, өмірдлен өткен  біздің ата-бабаларымыздың, әже-шешелеріміздің алдында  тағзым етеміз. 

РКС: 90 жылдық ауыл тойына алыс-жақыннан арнайы жиналған ағайын жұрт мерейлі мерекеге белсене атсалысты. «Туған жер - алтын ұям» атты конференция ұйымдастырылды. Түстен кейін, орталық алаңда ұлттық ойын түрлері қазақша күрес, асық атудан сайыстар өткізілді. Кешкілік ауыл іргесінде көкмайсаңда көкпар тартып, аламан бәйгеге жаратып ат қосты.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ.