РКС: Кез-келген халықтың өзге ешкімге ұқсамайтын болмыс-бітімін даралап тұратын құнды жәдігерлері болары хақ. Зерделі Зеренді ақындар мен батырларға бай мекен, жері де құнарлы,  табиғи байлықтардан да кенде емес.  Аталмыш мұражайға осы ауданнан түлеп ұшқан тау-тұлғалардың еңбектері, жергілікті дуалы аузы қариялардың айтқан әңгімелері, табиғи байлықтарын айқындайтын құнды  жәдігерлер қойылған.  Музейдің негізін қалаған осы мектептің тарих пәнінің мұғалімі,  Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иесі Талғат Олжабайұлы.

СНХ: ТАЛҒАТ НҰРСЕЙТОВ, ТАРИХШЫ //// Мен негізі коллекционермін. Бала кезімнен әскери машиналарды жинайтынмын Мектепке келгеннен кейін негізгі мақсат болды, тек қана сабақтарда білім беру емес, балаларды ғылымға тарту. Өзімнің іздеген жолым мұражай болды. Мұражай көрмелері арқылы біз балаларға үлкен әсер етеміз. Оларды Отансүйгіштікке үйретеміз. Бұл да тәрбиенің негізгі рөлі.

РКС:Төрт бөлімнен тұратын мұражайдың алғашқы екі бөлімінде ауданнан шыққан белгілі тұлғалар мен киелі жерлердің тарихи орындары  көрініс тапқан.

СТЭНДАП: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, Мұражайдың «ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды»  бөлімінде 1941-1945 жылдары жанқиярлықпен ерлік көрсеткен батырларға арналады. Зеренді ауданына қарасты  Қойсалған ауылының тумасы, қазақтың тұңғыш батыры Мәлік Ғабдуллинге де арнайы бұрыш қойылған. Аталмыш мектепте 1995 жылдан бастап батыр бабамыздың есімінен аталады.

РКС: Ал, осы жылдан бастап мұражайға «Геологиялық тарихи кезеңдер» және «Рухани жаңғыру» бөлімдері қосылған. Оқушылар сабақ барысында да мұражайда практикалық білімдерін толықтырады.

СНХ: ДИАНА ХАМЗИНА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ Осы мұаражай бізге ата-бабаларымыздан қалған құнды мұраларды білумізге үйретеді. Мен өзімде осы мұрайда экскурсовод болып істеймін. Келген қонақтарға ішін аралатын, айтамын. біз тарих пен география сабағында да мұражайдағы жәдігерлер арқылы білім аламыз.

РКС: Айта кету керек, мұражай ашылғалы 6 мыңнан астам адам арнайы келіп тамашалаған. Ал, ағымдағы жылы мұаражай  ұжымы Кемел Ақышев  атындағы тарихи институттың мамандарымен бірлесіп, археологиялық қазба жұмыстарына қатысатын болады. Экпедиция кезінде табылған жәдігерлер музейге қорын толықтырары сөзсіз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ