РКС: Гүлбаршын Кәкенова 15 құрсақ көтерген ақ жаулықты ана. Бүгінде ұл-қызының ортасында саялы бәйтеректей сексеннің сеңгірінен асқан кейуана шөбере мен шөпшек сүйген. Кеңестік кезеңде қырманда бидай тасып, бала күнінен қара жұмыстан тайсалмаған асыл әженің өнегелі өсиеті - еңбекке адал болу.

 СНХ: ГҮЛБАРШЫН КӘКЕНОВА, БАТЫР АНА///9 жасымнан еңбекке араластым. Содан зейнетке шыққанға дейін бір күнім жұмыссыз өтпеді. Біздің кезімізде заман басқа еді. Екеуара бір пима киіп, мектепке де бардық. Қазір Аллаға шүкір. Бәрі бар, молшылық.

РКС: Гүлбаршын әже шөпшек сүйіп отыр. Шөберенің кенжесі Аружан 6 сынып оқушысы.  Жас жеткіншек  әжесінің тәлімін көңіліне түйіп бой жетуде.

СНХ: АРУЖАН, БАТЫР АНАНЫҢ ШӨБЕРЕСІ///Әжем әрқашан да, әр жағдайда сабырлы, әдепті. Өз тәрбиесімен әр жағдайдан қалай шығуды үйретеді. Әрқашан да көңілді болып жүреді. Ата-анаңа көмектес, үй шаруасын істе, - деп айтып отырады.

РКС: Облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов асыл ананы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтай келіпті. Тұтас әулеттің алтын арқауына айналған кейуана бүгінгі күн - кеңшіліктің заманы, - дейді. Тек талмай еңбектену қажет. Гүлбаршын әже облыс басшылығына алғыс білдіріп, батасын берді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ