РКС: Аналар кеңесі құрылғаннан бері облыс көлемінде атқарған қайырымдылық, қыз тәрбиесіне қатысты іс-шаралар қатары аз емес. Бүгінде әр ауданда аналар кеңесі, қыздар клубы ашылған. Биылдың өзінде алыс-жақын 7 ауданда нәзік жандылардың клубы құрылып үлгерген. Аналар кеңесінің белсенді мүшелері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатында жастармен үнемі жұмыс жасап келеді.
СНХ: ЗЕРЕ ҚИЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ //// Әжелер қыздар қауымдастықтарына, жас келіншектерге барлық салт-дүстүрдің қыр-сырын үйретті. Істі қалай тігу керек, ұмытылып кеткен ұлттық ағадарды жасау әдісін, ішекті өру сынды бірқатар жақсы дүниелер көрсетілді. Бүгінші шарадан қыз балалар отбасылық құндылықтарды дәріптеуді жадына түйді деп ойлаймын.
РКС: Жиында жоғары оқу орындарында ұлтжанды белсенді қыздардан құралған «Айғаным», «Кербез», «Үкілім-ай» топтары көрермен назарына ұмыт болған салт-дәстүрлерден көрініс ұсынды. Олардың бойынан қазақ қызына тән әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық сынды қасиеттер көрініс тапты. Соның ішінде қалалық үлгілі кітапхана жанынан құрылған «Үкілім-ай» қыздар тобы ұсынған сыңсу дәстүрі көрермен көзайымына айналды.
СНХ: МӘДИНА ТӨЛЕТАЕВА, «ҮКІЛІМ-АЙ» ҚЫЗДАР ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ //Бүгінгі көрініс арқылы салт-дәстүрді сақтаудың маңыздылығын көрсеткіміз келді. Сыңсу дәстүрін көрсетуді ұйғардық. Себебі, әр қыз баласы бұл дәстүрдің дұрыс оырндалуын біліп өсуі тиіс. Ұзатылып бара жатқан бойжеткеннің жыры барлық жұртшылықты толғандыруы тіис.
РКС: Сонымен қатар, жиынға қатысушылар ұлттық бірлікті қалыптастырудағы отбасылық құндылықтардың рөлін арттыру, жастар арасында адамгершілік құндылықтарды дамытуда ұлттық мәдениеттің маңызын түсіндіру, салт-дәстүрге сай жастарды тәрбиелеу секілді мәселелерді талқылады.
БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ