РКС: Ұлт Көшбасшысы Қазақстан халқына Жолдауында 2023 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін кемінде 2,5 есеге арттыру жөнінде тапсырма берді. Бұл ғылыми әрі аграрлық тараптан сәтті жүзеге асып келеді.Ал, бұл Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік институты.Негізі 1956 жылы қаланған.Ғалымның өзі ғылыми орталықты Шортанды аумағында ашуды жөн көріпті.Себебі топырағы құнарлы, орманы қалың.Жуырда пилоттық жоба әзірленіп,аумағы 3000 гектарды қамтитын егіншілік полигоныда құрылды.
СНХ: КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ,А.И.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /// Жетістікке жетіп,шығынды азайттық Оның ішінде бидайды алаиын болсақ,біз өзіміз 20 дақылды түрімен айналысамыз.Соның ішінде бірінші дәндік технологияны,өзіміз бидай еге бастадық. сол бидайды көрсеттік.Мыңнан аса шаруа қожалықтары келіп көрді. Мұның бәрі жерді өңдегеннің арқасында оның сапасында,өнімділігінде көбейттік.
РКС: Биылғы жыл диқаншылар үшін де ғалымдарға да тиімдірек болды. Себебі, егін барынша бітік шығыпты.Мәселен, өткен жылы жаздық бидайдың өнімділігі әр гектарына 9,7 центнер болса,ал ағымдағы жылы бұл 2,5 есеге өсіп, гектарына 25,7 центнер орып алынды. Яғни, алтын дәннің құнарлығы жоғары.Ал, майлы дақылдар мен көпжылдық шөптердің де пайызы өткен жылмен салыстырғанда едәуір өскен.
СНХ: АЛДАБЕРГЕН ҚИЯС, А.И.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ //Ағымдағы жыл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін өте қолайлы жыл болды.Оның ішінде дәнді дақылдардың,астықты бұршақ дақылдарының, майлы дақылдардың өнімі біршама жоғары болды./
РКС: Ғылыми зерттеу институты 1975 жылдан бері жөндеу жұмыстарын көрмеген.Бақандай 43 жыл тұрған ғимараттың өкінішке орай тозығы жеткен.Десе де, биыл күрделі жөндеу жұмыстарына ҚР Білім және ғылым министрлігі арнайы 300 млн қаражат бөліпті. Сонымен қоса, бас шаһардан қатынайтын қызметкерлер үшін 60 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарда бар.
СНХ: КЕНЖЕ АБДУЛЛАЕВ,А.И.БАРАЕВ АТЫНДАҒЫ АСТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /01:38/ 300 млн жөндеу жұмыстарына ақша бөлінді. Сол лабораториялармен,үлкен ғимартты жөндеп,оның ішінде алтын дәнді сақтайтын қоймалар жөнделіп соның арқасында серпіліс алдық.+++03:32 / 60 пәтерлі үй салып берейін деп отырмыз өзіміздің жас ғалымдарға,көрші Астанадан келетін қызметкерлерге .
РКС: Орталықтың іші зертхана бөлмелеріне толы. Бір жерде топырақ құрамындағы азотты зерттеп жатса, енді бір бөлмеде бидай дәнінің желімтігін тексеруде. Әр жердің топырақтары тек өздеріне ғана белгілі реттілікпен қораптарға салынып, сырттарына қай күні, қай жылы келген топырақ екендігі және өздеріне ғана мәлім әлдебір сандар жазылып, қоймада сақталынады. Аталмыш ғылыми орталық сонымен бірге Германия,Канада,Бразилия сынды елдермен тәжірибе алмасып тұрады.Астықтың 20-ға жуық сортын өсіреді.Алдымен оларды ғалымдар барынша сараптап,сапасын тексереді. Кейін серіктес шаруа қожалықтарына тасымалдайды. Бұл ғылыми-зерттеу институты ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей тұқымдарын өндіріп, қараша халықтың қамы үшін орасан жұмыс атқаруда.
МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ