РКС: Біржан сал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы өңірдегі екі қолға бір күрек іздеген тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Мұнда еңбек нарығының ұсынысы мен сұранысы бағамдалады. Мемлекеттік бағдарлама аясында әлеуметтік жұмыс орнын ашуға ниетті жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатылады.

СНХ: ЖАДЫРА БЕЙСЕМБАЕВА, АУДАНДЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 609 адамды еңбекпен қамту шаралары атқарылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар 10 адам еді, бірақ, біз 23 адамды жолдадық. Ол несімен тиімді?! Біріншіден, жаңа жұмыс  орындары ашылады, екіншіден кәсіпкердің жұмысшыға тағайындаған жалақысының 35 пайызы мемлекет тарапынан субьсидияланады. Жұмысшыға зейнетақы жарналары өзге де барлық жарналар төленеді. Көбіне бір жыл мерзім өткен соң жұмыс беруші өз қызметкерін тұрақты жұмысқа қалдырып жатады.

РКС: Әлеуметтік жұмыс орнында қызмет атқарып жүрген өңір тұрғындарының бірі – Жақсыбек Қабдуллин. Жақсыбек жергілікті шағын кәсіп иесінің жүк көлігінде жұмыс істейді. Уақытымды бос жібермей, тұрақты еңбекақы аламын. Мұндай бағдарлама мен үшін бірегей қолдау болды, - дейді ол.

СНХ: ЖАҚСЫБЕК ҚАБДУЛЛИН, ЖҮРГІЗУШІ /// Жұмыспен қамту орталығы арқылы осы жұмыс орнына қабылдандым. Жұмысым ойдағыдай, жалақыны уақытылы төлейді. Қазір күзгі орақ науқаны. Астық тасумен айналысамыз.

РКС: Әлеуметтік жұмыс орындарында бір жылға дейін еңбек етуге болады. Бұл жұмыс көлемі белгілі бір мерзімде артып отыратын кәсіп түрлері үшін қолайлы. Мысалы, аулшаруашылығы саласында күз мерзімінде орақ науқаны, мал азығын әзірлеуге бағытталған жиын-терін қызу жүреді. Бұл тұрғындарды мерзімді еңбекпен қамтуға жол ашады.  

СНХ: КЕНЖЕБАЙ ЫДЫРЫСОВ, МЕХАНИЗАТОР /// Жұмыс бар. Күзге таман шөп, егін. Сол жұмыс істеп жатырмыз.Жалақысын уақытында төлейді. Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс бар.

РКС: Еңбектің наны тәтті, - деп босқа қарап жатпаған жандарға жұмыс әрдайым табылады. Оның бір дәлелі осы әлеуметтік жұмыс орындарын құруға бағытталған мемлекеттік бағдарлама, -дейді өңір тұрғындары.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ