РКС: Красный ярлық оқушылар жаз маусымында еңбек бригадасының құрамында мектеп ауласын көгалдандыру ісіне белсене қатысады. Білім ордасы жанынан мұғалімдер биыл гүл егіп, картоп отырғызған. Енді оны күтіп-баптау жұмысы оқушылардан құралған еңбек бригадасына жүктеліп отыр. Жасөспірімдерді еңбекке баулудың педагогикалық тұрғыдан маңызы зор, -дейді ұстаздар.
СНХ: БЕКЗАДА КАРАПИНА, КАРТОП БРИГАДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ, МҰҒАЛІМ Мектебіміз ауылдық мектеп болғандықтан, бақшамызда көптеген көкөністер ектік және де мектебімізде картоп бригадасы жұмыс істейді. Күнделікті сағат 9- дан түске дейін жұмыс істейді. 80 бала барлығы, он оннан, 10 бала картоп бригадасында жұмыс істесе, оны шөбін жұлады. Ауламызда гүл егілген, соны суарып, шөбін жұлуға ат салысады. Бақшамызды таза ұстауға, шөбін жұлуға күнделікті мектеп оқушылары келіп өз жұмыстарын атқарып кетеді. /
РКС: Мектеп жанындағы лагерьде оқушылардың жазғы демалысын көңілді, әрі пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Оқушыларды әсіресе, ағылшын тілі үйірмесі қызықтырады. Мұнда сабақтар ойын түрінде өтеді. Ал, бұл жыл бойы алған білімдерін ұмытпай, бекітуге ықпал етері сөзсіз.
СНХ: РАУАН УСМАНОВ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ///аударма: Бүгінде үш тілді білім беруге басымдық беріліп отыр. сондықтан биыл жазғы демалыста ағылшын тілі үйірмесін ашу ұйғарылды. Мұнда балалар жылбойы алған білімдерін бекітуге мүмкіндік алады. сабақты балаларға барынша қызықты өткізуге тырысамыз. Мұнда үй тапсырмасы берілмейді, тіпті, дәптерге ештеңе де жазбаймыз. Сабақтар таза ойын түрінде өтеді. бұл олардың ауызекі сөйлеуін жетілдіреді деп сенемін. ///
РКС: Мектепте сондай-ақ, жазғы мерзімде ІT-клуб өз жұмысын бастады. Мұнда балалар бағдарламалау тілін меңгеру арқылы аннимациялық мультфильмдер мен ертегілер жасауды үйренеді.
СНХ: МАНСҰР ЖУСАНОВ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ///Информатика мен үшін өте қызықты пән. Өйткені, мұнда бағдарламалау тілін үйренеміз. Ал, бұл бүгінгі заманда өте маңызды. Қазірден бастап бұл бағытта білімімізді тереңдетсек, ертең өзімізге де жақсы болады. Жалпы, үйірменің жұмыс істегеніне мен қуаныштымын. Бұл жазғы демалысымды қызықты, әрі пайдалы өткізуге сеп болуда. ////
РКС: Красный Яр №1 орта мектебі жанындағы жазғы демалыс алаңында балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Демалыс лагері 3 ай бойы 6 ауысымда жұмыс істемек.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ