ДК: «Көкшетау минералды суралы» кәсіпорнының жаңа өнімі «Құлагер- Бурабай» маркалы минералды суының таныстырылымы болды. Бұл су шипагерлік мақсатта да қолданылады деп күтілуде. Табиғи минералдарға бай әрі жоғары сапалы су санаторийлерлерде сумен емдеу мақсатында қолданылатын болады. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Динара Тұрсынова минералды судың ерекшеліктері жайында баяндайды.       

СНХ: ДИНАРА ТҰРСЫНОВА, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ  Бурабай курортты аймағы әлемдік маңызы бар ірі сауықтыру орнына айналды. Ақмола облысының жер қойнауында «Республикалық маңызы бар сауықтыруға арналған су нысандарының тізбесіне» енгізілген табиғи минералды сулардың бірегей емдік бұлақтары бар. Бұрнағы күні «Көкшетауминералды сулары» акционерлік қоғамы облыс әкімі Мәлік Мырзалинге Бурабай курортының «ресми суын» таныстырды.

Тағамтану институты ұсынған QULAGER-BURABAY емдік-асханалық суының құрамында 16 табиғи минерал бар және адам ағзасының 12 қызмет атқару жүйесінің онын емдейді. Оны Бурабай курортты аймағындағы шипажайларында пайдалану еліміздегі медициналық туризмнің мүмкіндіктерін кеңейтеді және «Ессентуки», «Боржоми», «Карловы Вары» сияқты әлемдік курортты қалалардың қатарына қосады.

 «Көкшетауминералды сулары» жергілікті шипажайларға суды жеткізіп тұру үшін арнайы қондырғылар орнатуды, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, шипажайлардан өтінімдер қабылдап, оларды бағдарламаға қосуды бастады. 

«Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың  2017-2020 жылдарға арналған жоспары» өңірдің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған, ол жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, Бурабайды әлемдік маңызы бар курортты аймаққа айналдыруға мүмкіндік береді.