РКС: Әдеби-шығармашылық кештен ауылдағы еңбектеген баладан еңкейген қария да қалыс қалмады. Ақын келді деп атойлап, мектеп оқушылары салтанатты шараның шымылдығын өлеңмен түрді.

Кеш барысында мектеп оқушылары ақын-жазушылардың жақұт жырларын жатқа айтып, «Кіндікқарағай – алтын мекенім», «Туған жерге туың тік» атты баяндамалар оқыды. Туған өлкеге арнайы келген ақиық ақын Тортай Сәдуақасов өскелең ұрпақты ең алдымен білімге ерекше ден қойып, кітап оқуға шақырды. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», - деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі және оқу тәрбие құралы.

СНХ: ТОРТАЙ СӘДУАҚАСОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ/// Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында атқарылатын ауқымды істер әлі де жетіп-артылады. «Отан - отбасынан басталады», - демекші, Қазақстан осындай әр ауылдан басталады. Сондықтан, елдің тарихы үлкен мәселе. Басымыздан небір замандарп өтті. Көп дүниелерді ұмытып қалдық. Еліміздің болашағы үшін күрескен небір азамматтар болды. Олардың атын жаңғырта түсетін осы кез.   ///

РКС: Танымдық тағылымға толы іс-шара тұтастай туған жер тақырыбына арналды. Жиналған жұртшылық Тортай Сәдуақасовтың «Шортанкөл ойға шомғанда» атты шежірелік кітабын парақтап, ауылдың терең тарихына саяхат жасады.

СНХ: АЛТЫНАЙ КАРБАЕВА, КІНДІКҚАРАҒАЙ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ///Бұл кештің басқасынан өзгешелігі еліміздің азаматы, ақыны ғалымы Сәдуақасов Тортай Қазиұлын арнайы Астанадан шақырттық. Бурабай газетінің редакторы, кітапханадан өкілдері келіп жатыр. Басты мақсат - 150 жылдан астам тарихы бар қаймағы бұзылмаған еліміздің іргесі сөгілмесін, еліміздің болашағы нығызынан тұрсын деп, болашақ жастар ата - тегін білсін деген тілек бар еді. ///

РКС: Ауылдың ел ағалары мен мектеп ұстаздары оқушылардың іс-шараны өткізу барысындағы туған жерге деген ыстық ықыласы мен ізденімпаз талпынысы үшін ризашылықтарын білдірді. Әуелеген әсем ән мен күбірлеген күміс күй кеш көрігін қыздырда түсті.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ