РКС: Саптық байқау патриоттық әндерді әуелетуден бастау алды. Қатысушыларға қойылған шарт  - бірыңғай арнайы әскери киім мен сапта өздерін сенімді әрі бойларын тік ұстау. Сонымен бірге әнді нақышпен орындап шығу. Осы шарттар арқылы олардың өнері  бағаланатын болады.

СНХ: РУСЛАН ӘМІРЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ  ЖӨНІНДЕГІ  БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫҒЫ/// Біз осындай іс-шаралар арқылы жастарды патриоттық сезімге, өз Отанын сүюге баулимыз. ҚР Заңына сәйкес әр азамат елін жерін аянбай қорғау қажет. Сондықтан осындай шаралар бізде жиі ұйымдастырылып тұрады. Және де барлық жерлестерді келе жатқан Ұлы мерекемен құттықтағым келеді.

РКС: Байқауды қалалық білім бөлімі ұйымдастырып отыр. Мұнда  әскери шенді ардагерлер мен офицерлер 20 мектеп пен 8 орта арнаулы оқу орындарының білім алушыларына  қазылық етуде.

СНХ: ЕРІК БӘКІРОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ  ///  Бүгін іс-шара өткізіліп жатыр. Отан қорғаушылар күніне арналған және Жеңіс күніне орай. Барлық мектептер, Көкшетау қаласындағы колледждермен әскери-патриоттық клубтар қатысуда. Еліміз көркейе берсін. Көк туымыз әрқашан да желбірей берсін.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша мектептер  арасында № 21 орта мектеп үздік деп танылды. Ал, орта арнаулы оқу орындары арасында жоғарғы техникалық колледж бірінші орынды иеленді. Барлық қатысушыларға Көкшетау қаласы әкімінің қаржылай сертификаттары мен сыйлықтары табыс етілді.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ