РКС: Ауыл шаруашылығы саласына айрықша мән беретін аймақтардың бірі – осы Ақмола облысы. Өйткені, аталған өңірде егін егумен қатар мал шаруашылығы да мейлінше қарқынды дамып келеді. Аймақтың аграршылары қазір өз ісінде сандық технологияға көшуге терең мән бере бастады. Бұл заман талабы. Әрі цифрализацияндырудың нәтижесінде адами факторға жүктелетін жұмыс көлемі азайып, атқарылған істің сапасы арта бастаған. Нақты істерге тоқталар болсақ, қазіргі күні егістік алқаптардың 80 пайызының электрондық картасы жасалып болды. Сондай-ақ өңірде 460 мың бас ірі қара, 560 мың бас ұсақ қара болса олардың басым бөлігі идентификациялық база тіркеуіне алынған. Бұл орайда жылқы малына қатысты көрсеткіш төмендеу. Өйткені, қолда бар 160 мың жылқының 70 мыңы ғана аталған электрондық тізімге алынған. Қазір сонымен қатар, жылқыларды жаппай электронды чиппен таңбалау жұмыстары жүріп жатыр. Заманауи таңбалаудың тиімді тұсы көп. Электронды чип арқылы мал ұрланған ба, иесі кім, қай өңірдің малы, ауруға қарсы дәрі-дәрмек егілген-егілмегендігін, тіпті екпе жасалған уақытына дейін анықтауға болады. Бұл сканердің көмегімен жүзеге асырылады. Қазір Ақмола облысы бойынша қолда бар жылқының 10-15 пайызына чип енгізіліп үлгерілген. Мал шараушылығында сүт өнідірісін ұлғайту бағытында да бірқатар жаңа бағдарламалар қолға алынған. 

СНХ: ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 02-30 (рус)///Қазіргі күні «Дель про», «Аль про» сияқты бағдарламалық өнімдер өте сәтті жүзеге асырылуда. Бұл технологиялар табынды, сиырларды сауу ісін басқаруға, жем-шөп беру жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.   Дәл осы технологияларды «Родина», «Есіл-Агро», «Еңбек»  және «Хамзе» сияқты ірі шаруа кешендері қолданып та жүр. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз. Облыс бойынша бүгінде қырықтан аса сүт фермасы болса, аталған жаңа технологияларды олардың барлығына да енгізу көзделіп отыр. 

РКС: Биылғы Жолдауда білім саласын жақсарту ісіне қатысты да көп жаңалық ұсынылды. Мәселен, бір ғана Бурабай ауданы бойынша 42 мектеп жұмыс істейтін болса, бүгінде оның 28-і WI-FI желісіне қосылған. Сонымен қатар, өткен жылы 10 миллион теңгеге төрт бірдей робототехника кабинеті ашылған. Бұл жұмыстың негізінде биыл тағы 2 робототехника кабинетін ашу жоспарланып отыр.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӨЛЕГЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  01-13///Биылғы Жолдау ерекше. 4-ші өнеркәсіптік ревалюция деп аталады ғой. Соның негізінде көп шаралар атқарылуда. Елбасы биылғы Жолдауда білім саласына өте үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бірқатар іс-шаралар, бір қатар тапсырмалар берілді. Осы Жолдаудың негізінде біздің ауданда да жоспар бекітілді.

РКС: Әр саланың дамуына соны серпін берген Елбасы Жолдауы халық арасында зор  қолдауға ие. Ел тұрғындары тәуелсіз Қазақстанның жаңа өркениетке деген ұмтылысындағы әр бастаманы орындауға ат салысуды міндет деп біледі.

Ә. ҚАМАТАЙҚЫЗЫ