ДИКТОР: Көп ұлтты тәуелсіз елдің бірлігін нығайтып, қоғамдағы қордаланған мәселерді талқылап, оны жүзеге асыратын V Ұлттық құрылтай бүгін Қызылорда қаласында өтті. Онда Президент елдің әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық дамуын және мәдени руханияттың артуына ықпал ететін мәдени ошақтарды жаңғыртуды тапсырды. Тіл тұғыры мен ұлттық тәрбие де назардан тыс қалған жоқ.

РКС: Киелі қазақ жері батыр бабалардың ізі қалған, тарихтың тамыры тереңге жайылған қасиетті мекен. Ұлттық құрылтайда Жаңа Қазақстанның басты белгісі - ұлттық құндылықтардың жаңаруы мен медениеттің өзгеруі,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Президентіміз біз жұмыс жасап жүрген кітапхана саласын, музейлер, мәдениет орталығын дамыту туралы пікірін айтып өтті. Оған өте қуаныштымыз, себебі шын мәнінде тарихымызды тереңдеп білу үшін мұндай орындардың, жұмыстардың қажеттілігі мол. Сондықтан да мына ел болып жиылып, бірігіп, бір ауызды болып құрылтайда берілген тапсырмаларды орындауға жұмылуымыз керек деп ойлаймын.

РКС: Алқалы кеңесте ана мен бала құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де ерекше аталып өтті. Былтыр елімізде осыған қатысты бірқатар жұмыс жүзеге асырылды. Десе де, ескерілмей қалған тұстары да бар. Биыл осы мәселелерді бір жүйеге келтіретін «Қазақстан балалары» атты біртұтас бағдарлама іске қосылуы мүмкін.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстан балаларының және әйелдердің қауіпсіздігін қорғау және осы құжаттар жүйеге келтіріліп, болашақта керемет жоба болады,-деп ойлаймын. Оған қоса қоғамдағы әйелдің рөлін, одан әрі өсіру қажет. Неге десеңіздер қоғамда, отбасында болсын әйелдің рөлі өте маңызды. Құрылтайда көтерілген көптеген сұрақтар аналар кеңесімен тікелей байланысты. Аналар кеңесінің басты жобаларының бірі «Мәдениетті ана, мәдениетті ұлт».

РКС: Президент Құрылтайда «Qurultay» арнайы мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды. Ол халықты мазалаған мәселелер мен ел дамуына әсер ететін ұсыныстарды қабылдау үшін ұйымдастырылмақ. Бұл мемлекет пен қарапайым халықтың тікелей байланысын қолжетімді етпек. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын киелі Түркістан елінде өткізуді ұсынды.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ