ДИКТОР: Макинск қаласында тозығы жеткен тұрғын үйлердің орнына әрқайсысы 60 пәтерден тұратын заманауи көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Келесі апта ол аудан орталығының бірқатар тұрғынына берілмек. Ақмола облысы бойынша реновация бағдарламасы аясында былтыр 11 тұрғын үй бой көтерді.
РКС: Макинск қаласындағы 50 үй апатты деп танылды. Кейбір баспанада тұру тіпті мүмкін емес. Сондықтан, реновация бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан алғашқы жоба қолға алынды. Құрылыс барысын өңір басшысы Марат Ахметжанов тексерді.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Келесі аптада тұрғындарды бұл баспанаға көшіре бастаймыз. Міндеттемелерді есепке ала отырып, көктемде абаттандыру жұмыстарын бастаймыз. Үйдің ауласын көгалдандырылады.
РКС: Сапар аясында облыс әкімі Марат Ахметжанов "Макинск жылу" мекемесінің жұмыс барысымен танысты. Кәсіпорын 4 мыңға жуық тұрғынды үздіксіз жылумен қамтып отыр. Былтыр 4 жылу қазандығы ауыстырылып, 1,5 шақырым жылу желісі жөнделді.
СНХ: АЗАМАТ АЛДАБЕРГЕНОВ, "МАКИНСК ЖЫЛУ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Былтыр біз жылу мауысымға дайындық кезінде біраз жұмыстарды жасадық. Ол біріншіден блок-модуль қазандығымызда транспатерды ауыстырдық. Ол яғни көмір көтеретін және күл шығаратын транспатерды ауыстырдық. Одан басқа, шойын торларды ауыстырдық қазандықтың ішінде. Бұрын бұл жерде қуаттылығы 2,5 мегаваттық қазандық болды. Биыл 3,5 мегаваттық қазандығы орнатылды. Алдағы жоспар, "Каменный" деген бізді микрорайон бар. Ол жақта бізде 9 көше, жеке үйлер. Биыл сол жаққа жоспарлап отырмыз жылу беруді.
РКС: Ал Щучинск қаласындағы "Жаңа тұрмыс - 2020" серіктестігіне қарасты №12 жылу қазандығы жергілікті халықтың 25 процентін жылумен қамтып отыр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жалпы, өңірде жылумен қамту желілерінің 39 проценті тозығы жеткен. Былтыр жылу беру маусымына 43 млрд.теңге бөлінді. Оған 50-ден астам қазандық жаңартылып, 9,7 шақырым жылу желісі жөнделді. Бұл өз кезегінде жылу беруді тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ