ДИКТОР: Енді Қазақстан азаматтары жекеменшік автокөлігіне мемлекеттік нөмірді өздері таңдай алады. Бұл норма 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің бөлігі ретінде күшіне енді. Бұрын автокөлік сатып алушы тек ұсынылған бірнеше нөмірдің ішінен ұнағанын таңдайтын. Тек қана VIP сериясы сатып алған жағдайда ғана таңдау берілетін.
СНХ: АРАЙ ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін таңдау үшін азаматтар қызметті 2026 жылдың 5 қаңтардан бастап арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы пайдалана алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар мемлекеттік тіркеу номер белгісінің құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады. Беру үшін жекеленген баждар көзделенген, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу номер белгісін қоспағанда.
РКС: Елімізде «VIP»-нөмірлерге деген сұраныс әлі де жоғары. Биыл ол айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты 10 процент қымбаттады. Көлікті біркелкі әріптермен немесе сәнді цифрлық комбинациялармен безендіру 250 мың мен 1 миллион 230 мың теңге аралығында.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.