ДИКТОР: Жаңа жылдың алғашқы түні еліміздің перзентханаларында 254 сәби дүниеге келді. Ең қызығы - дүниеге келген ұлдар мен қыздар саны тең. Айтулы сәтте Ақмола облыстық перинаталдық орталығында 11 сәби өмірге келіп, мерекенің сәнін одан әрі арттыра түсті.

РКС: 31 желтоқсанда перзентханада 4 нәресте дүниеге келді. Ал, 1 қаңтарда 7 нәресте туды. Өмірінің алғашқы минуттары, ананың ыстық құшағы мен медицина қызметкерлерінің қамқорлығы. Жаңа туған нәрестелер мен олардың отбасылары үшін жаңа жыл осылай басталды.

СНХ: ЕЛЕНА ОБРЯДОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АКУШЕРІ: Баланың дүниеге келуі, әрине, әрбір әйел үшін қуанышты оқиға. Біз үшін бұл үйреншікті жағдай. Десе де, біз әрбір әйел үшін қуанамыз және оларды әрқашан балаларының дүниеге келуімен құттықтаймыз. Мен оларға мықты денсаулық және ешқашан ауырмауды тілеймін!

РКС: Перинаталдық орталықтың техникалық жабдықтары жыл сайын жақсарып келеді. Былтыр перзентхана бөлімшесіне 9 трансформер төсек, ұрық мониторлары және таразылар сатып алынды.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ХРОМЕЦ, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА АКУШЕРІ: Босану бөлімшесінде жеке 10 бөлме бар. Онда ана босанар алдында және босанғаннан кейін серіктесімен бірге жатады. Босанғаннан кейін біз нәрестені бірден анасының кеудесіне жатқызамыз. Екі сағат өткеннен кейін, біз оларды бөлімшеге ауыстырамыз.

РКС: Перинаталдық орталықта орта есеппен алғанда тәулігіне 15 нәресте дүниеге келеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ