ДИКТОР: Облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты жыл бойы атқарылған жұмыстарының қорытындысын шығарды. Өңірдің ең белсенді әрі бастамашыл жастарына «Рухтастар» облыстық жастар сыйлығы салтанатты түрде табысталды. Шара барысында қоғамдық өмірге белсене араласып, түрлі әлеуметтік бастамада ерекше көзге түскен жастар марапатталды. Аталмыш іс-шара осымен төртінші жыл қатарынан өтуде.

РКС: Облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты 51 бөлімшені біріктіреді. Оның негізгі бөлігі аудандарда, қалғандары ірі қалалар мен оқу орындарының базасында құрылған. Ұйымның құрамында 5 мыңнан астам жас бар.

 ИНТЕРШУМ:

РКС: Жыл көлемінде 30-ға жуық әлеуметтік серіктес ұйыммен бірлесе отырып, мазмұнды жобалар мен қоғамдық іс-шаралар жүзеге асырылды.

СНХ, ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Жалпы жыл бойы дәл осы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірге, оның астындағы «Думан» Ақмола облысы педагогикалық жасағымен бірге және де «Феникс» волонтерлік орталығының ұйымдастыруымен біздің өзіміздің Ақмола облысы жастар ресурстық орталығы көптеген шаралар жасаған болатын. Оның ішінде атап өтетін болсақ, түрлі экологиялық акциялар, «Таза Қазақстан» акциялары, диспетчерлік көмек акциясы, яғни біздің республикамызда тұңғыш орын алып жатқан және де қазіргі уақытта үлкен өзінің септігін тигізіп жатқан жалпы мүгедек жандарға арналған шаралар, және де қан тапсыру акциялары сынды көптеген қайырымдылыққа арналған акцияларды бірге жасап келе жатырмыз.

РКС: Жыл қорытындысы бойынша үздік филиалдар мен бөлімшелер анықталды. Үздік аудандық филиал ретінде Зеренді, үздік қалалық бөлімше ретінде Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі лайықты деп танылды. Астрахан ауданының филиалы мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бөлімшесі екінші орынды иеленді. Ал жүлделі үшінші орынды Жақсы ауданының бөлімшесі мен Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің бөлімшесі өзара бөлісті.

СНХ: ДАНИЯР ЖЕТПІСОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мұндай марапатқа бірінші рет ие болып отырмыз. Бұл жетістік – бір жыл бойы атқарылған ауқымды әрі жүйелі еңбектің нәтижесі. Жыл бойы волонтерлік бағытта, «Таза Қазақстан», «Қайсар» жобалары аясында және басқа да бағыт бойынша көптеген жұмыс атқарылды. Жастар өздерінің мықты, белсенді әрі жауапты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алда әлі бағындырар талай жетістік пен жаңа белестер тұр. Бұл жеңіс – Зеренді жастарының ортақ жетістігі.

РКС: Шара барысында сонымен қатар үздік белсенділер де анықталды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ