ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жастарды қолдау мақсатында ең алдымен жастарды жұмыспен қамтумен қатар, қолайлы жағдай жасау қажеттігін де қатаң тапсырды. Жастар саясатын ілгерлетуге бағытталған «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім-шарты», «Бастау бизнес» сынды бірталай жоба жүзеге асырылуда. Қазір Ақмола облысы бойынша 6 мыңнан астам жас маман жұмыспен қамтылып, 80-ге жуық азамат өз кәсібін бастауға қайтарымсыз мемлекеттік грант алды.

РКС: Үкімет тарапынан жастарды жұмысқа орналасыру мәселесі жіті бақыланып, қолға алынған. Биыл аудандар мен қалалардағы мансап орталықтарына 13 мыңға жуық жас маманнан өтінім түскен. Олар оқыған мамандығына сай және ұлттық жобалар мен қолданыстағы тұжырымдамалар негізінде жұмысқа орналастырылды.

СНХ: АНАР МҰХАМЕДЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Оның 6 231-і әртүрлі жұмыс орындарымен қамтылған. Бос жұмыс орындарына 5096 адам орналастырылған. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 1159 жас жіберілген. 315 адам қоғамдық жұмысқа, әлеуметтік жұмыс орнына 115 адам жолданған. «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасына 7 адам жіберілген. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасы аясында 445 адам кәсіпкерлік негізінде оқытылған. 76 адам өз ісін ашуға қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл шаралардың барлығы жастардың мемлекеттік қолдауын сезінуге, білімі мен біліктілігін пайдалана алуына, ең бастысы Қазақстанда өз болашағын сенімді түрде құруына бағытталған.

РКС: Жұмыссыздық мәселесін оңтайлы шешу мақсатында 600-ден астам жас маман «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылды.

СНХ: БЕРЕКЕ ЖОЛДЫБАЙ, ЖАС МАМАН: Мен 2025 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін тәмамдап, Көкшетау қаласында Мансап орталығында жұмыссыздыққа тіркеліп, сол жақтан осында «Жастар практикасы» бойынша жұмыс жасап жатырмын.+скл+ Мен бұл жерде құжаттармен жұмыс жасаймын. Мысалы НОБД-ға шыққан бұйрықтарды тіркеймін. Аттестатталған, аттестатталмаған мектептердің тізімін тіркеймін. Менің тәлімгерім Анар Базарқызы. Ол маған бұл жұмыстарды үйретуде. Түрлі тапсырмалар береді. Сол кісінің арқасында біраз нәрсені үйрендім.

РКС: Күні ертең ел экономикасы мен әл-ауқатын әрі қарай арттыруға үлес қосу бүгінгі жастардың міндеті. Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында кәсіп ашуға 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік гранттар қарастырылған. Сондықтан жастардың кәсіби өсуіне, өзін-өзі дамытуына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың зор екеніне күмән жоқ.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ