ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерге жаңа салық кодексін түсіндірді. «AMANAT» партиясы облыстық филиалының алаңында бизнес өкілдері көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.

РКС: Үйлестіру кеңесінің отырысында қызу талқы болды. Көптеген кәсіпкер жаңа салық ережелері тек бизнеске ғана емес, сонымен қатар қарапайым тұтынушыларға да әсер ететінін алға тартуда. Қосымша құн салығының өсуі дүкен сөрелерінде тұрған азық-түліктің бағасына әсер етуі мүмкін.

СНХ: САДБЕК АХМАДИЕВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Біріншіден, бұл бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қатты әсер етеді. Қазір олар жеңілдетілген салық декларациясы бар арнайы салық режиміне ауысуда. Шындығында, мұндай кәсіпкерлер жалпы салық режимі бойынша жұмыс істейтін ірі бизнестермен жұмыс істей алмайды және шағын бизнес ұсынатын тауарлар мен қызметтерді өз шығындарында есепке ала алмайды. Менің ойымша, көптеген шағын бизнес салықтарын одан әрі қалай басқару, қалай жұмыс істеу керектігі туралы ойлануы керек. Мен барлық шағын бизнестің ашық жұмыс істеуін ұсынамын. Жаңа салық кодексі мүлдем басқа жұмыс жағдайын талап етеді.

РКС: Елімізде жаңа салық кодексі 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Кәсіпкерлер салық режимінің өзгеруі туралы хабарламаны наурыз айына дейін ұсынуы тиіс. Әйтпесе, жалпы салық режиміне ауыстырылады.

СНХ: АЙНҰР ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Қазір жеңілдетілген салық декларациясы, бөлшек сауда салығы, патент немесе арнайы мобильді қосымша жүйелерін пайдаланатын салық төлеушілер 1-ші наурызға дейін салық режимінің өзгеруі туралы өтініш пен хабарлама беруі тиіс. Патент және мобильді қосымша жүйесін пайдаланатын кәсіпкерлер 1-ші қаңтардан бастап тіркеуден автоматты түрде шығарылады. Жеке тұлғалар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып саналады. Олар E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы түбіртектер беруі керек. Бірінші түбіртек олардың бизнесінің басталуын көрсетеді.

РКС: Қазір еліміз бойынша 7 салық режимі бар. Ал, жаңа жылдан бастап 3 режимге қысқартылмақ. Арнайы салық режимі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шаруа және фермер қожалықтары үшін енгізіледі.

СНХ: НАТАЛЬЯ НАГОРНОВА, «ФИНКОНСУЛ» БУХГАЛТЕРЛІК КОМПАНИЯСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің ойымызша, салық кодексіне енгізілген өзгерістердің кез келген реформадағыдай оң және теріс жақтары бар. Дұрыс жағын айтатын болсақ, кәсіпкерлерге қосылған құн салығы тіркелмей 2,5 миллиард теңгеге дейін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа жеңілдетілген салық режимі енгізілді. Бухгалтерлік есеп жеңілдетілген. Бекітілген мөлшерлеме тек 3 процентті құрап отыр. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен артықшылық, себебі олардың бөлінуіне жол бермейді. Бұл кәсіпкерлер қослыған құн салығын төлеуден жалтару үшін бөлінген кезде үлкен мәселе болды.

РКС: Жаңа салық кодексіне жарты жыл бойы ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ