ДИКТОР: Жыл басынан бері аймақ экономикасының негізгі капиталына 750 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есе артық. Осылайша, Ақмола облысы инвестиция өсімі бойынша елімізде көш бастап тұр. Мемлекеттік қолдау, оның ішінде «Даму» қорының бағдарламалары - өңірдегі кәсіпорындардың дамуына серпін беріп отыр. Солардың бірімен тілшіміз танысып қайтты.

РКС: Жергілікті «Каз Прицеп» серіктестігі бес жылдан бері ішкі нарыққа тіркемелер мен кузовтар шығарып келеді. Қаланың өндірістік аймағында орналасқан шағын цехта техника бірлігі небәрі 2–3 апта ішінде дайындалады. Ал жалпы кәсіпорын тоқсан сайын 10 данаға жуық өнім өндіреді. Өндірісті кеңейту мақсатында компания «Даму» қорының қолдауымен металл өңдеуге арналған лазерлік қондырғы сатып алған.

СНХ: СЕРГЕЙ БОНДАРЕНКО, СЕРІКТЕСТІКТІҢ ӨНДІРІС БАСШЫСЫ: Цехта 9 адам жұмыс істейді. Жұмыс күні таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін. Клиенттің тапсырысына қарай тіркемелер мен кузовтар шығарамыз. Барлық жұмысты өзіміз істейміз, кесіп, дәнекерлеп, өзіміз бояймыз. Орындалу мерзімі жұмыстың күрделілігіне байланысты. Кейде тент орнатуды, қосымша баспалдақ қосымша жабдықтар орнатуды сұрайды. Ондай кезде біраз уақыт кетеді.

РКС: Жалпы кәсіпорынның бұл салада 15 жылдық тәжірибесі бар. Бүгінде жинақталған тәжірибе шаруаларға бірегей шешімдер ұсынуға мүмкіндік беріп отыр. Жыл соңына дейін кәсіпорын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасына қатысып, өндірісті одан әрі кеңейту ойы бар.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Жалпы, жыл басынан бері қор арқылы 400-ден астам ақмолалық кәсіпкер 84 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған. Кепілдіктердің жалпы сомасы 66 миллиард теңге.

«Даму» қорының кәсіпкерлерге көрсеткен мемлекеттік қолдауы

400-ден астам кәсіпкер

84 млрд теңге – жеңілдетілген несиелер

66 млрд теңге – кепілдіктер

РКС: Кәсібін кеңейтіп, өндірісін ұлғайтқысы келетіндер бұл мақсатты жеңілдетілген несиелер арқылы жүзеге асыра алады. Биыл «Өрлеу» атты жаңа бағдарлама іске қосылды.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЙДӘУЛЕТОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл бағдарлама шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған, оның аясында экономиканың басым секторлары айқындалды. Олар – өндіріс, медицина, білім беру, туризм және көлік-логистика саласы. Осы бағыттар бойынша кәсіпкерлер банктерге 12,6% мөлшерлемемен қаржыландыру алу үшін жүгіне алады. Бұл – бекітілген мөлшерлеме. Яғни, 10 жыл бойы кәсіпкер 12,6% көлеміндегі тұрақты мөлшерлемені төлейді.

РКС: Бағдарлама іске қосылған сәттен-ақ 14,2 миллиард теңгеге 50 жоба қаржыландырылды. Қатысу үшін кәсіпкерлер екінші деңгейлі банктерге жүгінеді. «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі. Ал шешім қысқа мерзімде қабылданады.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ