ДИКТОР: Қыс қаһарына мініп, сарышұнақ аяз бен ақтүтек боранда адамға күш пен қуат беретін ол жылқының еті мен сорпасы. Солтүстік өңірде қазір соғым союдың нағыз қызған шағы. Қасапшылар осы күндері күніне 3-4 соғымнан союда. Малды сойып, жіліктеп, табақтап ет жасай білудің өзі өнер.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Зеренді ауданына қарасты, Бірлестік ауылының тумасы Нұрбек Тәшкеннің қасапшылықпен айналысып жүргеніне 30 жылға жуықтаған. Соғым уақыты келген кезде ол күніне бірнеше мал сояды. Барлығына үлгеру үшін өзің де жаныңдағы көмекшілерің де шапшаң болу керек дейді.

СНХ: НҰРБЕК ТӘШКЕН, ҚАСАПШЫ: Сонымен бүгін үш соғым ауылда. Мұның барлығы бір қасапшының қолынан келмейді. Барлығымыз бірге соямыз. Күніне 3-4 соғымнан соямыз. Мына балаларға тәрбие бұл. Мына балалар қоян сойып үйренді, қой сойып үйренді. Міне енді жылқыға үйретіп жатырмыз. Осының барлығы салт-дәстүр. Келешек ұрпақ осыны жалғастыру керек. Сойғанда және балаларға үйретеміз бір табаққа қанша ет кетеді. Омыртқа, жауырын, жамбас, жая деген сияқты. Қазысы, шұжығы бар. Оны келешек үйрену керек.

РКС: Соғым сою ауылды жерде шағын той іспетті. Көрші қолаң мен ағайын туыс бас қосады. Үй иесі осы жауапты күнге алдын ала қамданады.

СНХ: ҚАЙЫРЛЫ НҰРҒАЛИЕВ, БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің жақта расында да резкий континентальный климат дейді ғой. Суық болғаннан кейін ет жағына көп көңіл бөлеміз. Расында да бір соғым, бір қара сойып аламыз, оны күздік дейді, оның арасында оншақты қой сойып аламыз. Құсы бар тауығы бар, қазы бар.

РКС: Мал сойылған үйде міндетті түрде қуырдақ дайындалады. Қуырдақты шабудың да өз тәсілі бар.

СНХ: БАТЫРХАН НҰРҒАЛИЕВ, БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Қуырдақты балтамен шапқанның өз әдісі бар. Сонда еттің сөлі өзінде қалады. Көп жер сұйық май қосып жатады. Көп жерде мясорубкамен өткізеді. Ол кезде де сөлі ағып кетеді. Балталап қуырдақ шабу ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр. Қуырдақ жегесін кешкісін жиналып, «қазан майлау» деген бар. Сол үй етін асып, омыртқа жеп дегендей.

РКС: Бірлестік ауылы соңғы 10 жылдан бері қасапшылар күнін атап өтуде. Бұл күні ауылдағы барлық қасапшылар жиналып, бір бірімен тәжірбие алмасады.

СНХ: ҚАЙЫРЛЫ НҰРҒАЛИЕВ, БІРЛЕСТІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі күні Бірлестік ауылында қасапшылар күні. Скл. Бір біріне соғымды қалай әдемі сою керек, қалай жіліктеу керек. Ата бабаларымыздан келе жатқан тәртіппен қалай сою, жіліктеу, бұзуды көрсетеді. Жаңадан келіп жатқан қасапшылар бар, олар үйренеді. Ата бабалар дәстүрін жалғастырып келе жатқан ауылдың біріміз ғой енді. Кешке жақын қасапшылар өздері отырыс жасайды. Соғымды сойғасын қазір келіншектер ішек қарын тазалау науқаны басталады. Ол да бір өнер, суық сумен ішек қарын тазалау ол оңай емес.

РКС: Ауылда бүгінде оншақты қасапшы бар. Соғымды тұрғындар негізінен жаңа жылға дейін сойып, қамданады.

ИНТЕРШУМ:

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ