ДИКТОР: Көкшетаудағы №11 мектеп-гимназиясында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіздік қыста басталады!» атты интерактивті фестиваль өтті. Шара барысында оқушылар өз жобаларын ұсынды. Ал тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелеріне қатысты интерактивті квест-ойын өткізді. Тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.

РКС: Жастарды патриоттық сезім мен жауапкершілікке тәрбиелеу, оларды әскери қызметке даярлау, сондай-ақ кәсіби бағдар беру мақсатында 2017 жылы мектеп-гимназиясында алғаш рет әскери-спорттық сынып ашылды. Екі жылдан соң әскери-заң сынып құрылды. Былтыр «Жас сақшы» полицей сыныбы жұмысын бастады. Биыл «Виртуалды таңдау — шынайы өмір» жобасы аясында «Нашақорлыққа қарсымыз» анимациялық мультфильм де жарық көрді.

СНХ: БОТАКӨЗ ҚҰСАҚАЕВА, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында бүгін біздің мектепте іс-шара өтіп жатыр. Бұл іс-шара балалардың қауіпсіздігіне бағытталған. Сондықтан біздің мектепте жұмыс жоспарына сай жыл бойы үлкен шаралар өткізілді. Қазіргі таңда біздің мектепте профильдік сыныптардың арасында әскери-медициналық, әскери-полицейлік сыныптың оқушылары үлкен үлестерін қосып жатыр.

РКС: Бейінді сыныптардың оқушылары жиналғандарға өз жобаларын ұсынды. Сондай-ақ оқу барысында меңгерген автоматты бөлшектеу және жинау сынды арнайы дағдыларын да көпшілікке паш етті. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары оқушылар арасында жол ережесін сақтауға қатысты интерактивті квест-ойын өткізді.

СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Облыстық полиция департаменті «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында оқушылармен кездесу ұйымдастырып отыр. Қысқы демалыс күндері қарсаңында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері де шараға қатысып жатыр.

РКС: 2018 жылы білім ошағында қыз балаларға арналған алғашқы әскери-медициналық бағыттағы сынып ашылды. Мұнда оқушылар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.

СНХ: АЛЕКСАНДРА ВОРОНЕЦКАЯ, №11 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Облыс бойынша біздің мектепте алғаш рет медициналық бағыттағы сыныптар ашылды. Өте қуаныштымыз. Өйткені бұл сыныптар біздің кәсіби бағдарымызды айқындауға әсер етті деп есептейміз. Себебі алғашқы күннен-ақ бастап медицина саласы бойынша негізгі білім аламыз.

РКС: Шара соңында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аслан Қызбикенов мектеп-гимназиясының белсенді оқушыларын дипломдармен марапаттады. Бұл балалардың Отан алдындағы өз міндетін терең сезініп, саналы таңдау жасауға ықпал етеді.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ