ДИКТОР: Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты алқабилердің қатысуымен Атбасар қаласындағы түзету колониясы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Оларға сотталғандарды азаптады деген айып тағылған еді. Алқабилер айыпталушылардың кінәсіздігі туралы шешім қабылдады. Алғашқы ақтау үкімі ақпан айында шығарылған болатын. Онда да алқабилер айыпталушыларды кінәсіз деп таныған. Прокуратура бұл шешіммен келіспей, апелляцияға берген еді. Іс сотқа қайта жіберілді. Қайта қараудың қорытындысы бойынша қылмыстық оқиғаның жоқтығы және айыпкерлердің кінәсіздігі туралы алқабилер кеңесу бөлмесінде дауысқа салу арқылы шешім қабылдады. 10 алқаби мен 1 судьяның әрқайсысы бір дауысқа ие еді. Соттың үкімімен қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 12 қызметкері кінәсіз деп танылды. Оларға қайта қызметке тұру құқығы бекітілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
СНХ: САҒДАТ СЕЙІТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ: Алқабилердің үкімімен кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылық оқиғаларының жоқтығына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 146-шы бабының 3-ші тармағының 1-ші бөлігі бойынша ақталды.