ДИКТОР: Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық өткір әлеуметтік мәселенің бірі. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан бұл тақырып қоғамның назарын аударуды әрі құқық қорғау органдары тарапынан тыңғылықты жұмысты талап етеді. Әлеуметтік өзекті мәселеге Көкшетау қаласы тұрғындарының пікірі қандай? Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қандай қадамдар жасалуда? Тілші баяндасын.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
1. - Семейно-бытовое насилие это конечно острая тема и требует особого внимания.
2. - Это очень сейчас актуальная тема на данный момент. Очень жалко женщин. Как-то хочется, чтобы их защитили в нашей стране. Какие-то законы очень строгие выходили. Потому что сейчас каждая вторая-третья семья сталкивается с бытовым насилием. Мужчины очень часто распускают руки.
3. - Ну да, проблема есть. В моей семье сейчас нет бытового насилия. Но я конечно это осуждаю. Многие замалчивают эту проблему, стесняются ее, не говорят о ней. Это такая же проблема, как и наркотики, как и не здоровое питание. Но у нас табу это. Не разговаривают об этом, что сор из избы не надо выносить.
РКС: Жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық 13 дерекке азайған. Бұл тәртіп сақшыларының мәліметі. Сондай-ақ, әйелдерге қатысты қылмыстар 10,2 процент төмендеген. Мамандар мұндай нәтижеге жүйелі профилактикалық жұмыстың арқасында қол жеткізілгенін айтып отыр.
СНХ: МІНУАРА ЖОЛМАҒАНБЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылықпен күресу бөлімшесі оның алдын алуға бағытталған бірқатар шара өткізіп жатыр. Қазір отбасында құқық бұзуға бейім 5 мыңнан астам адам профилактикалық бақылауға алынған. Зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету және психологтарды тарту арқылы агоессорларды әлеуметке қайта бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.
РКС: Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте алдын алу, уақытылы әрекет ету және халықты ақпараттандыру негізгі басымдық болып қала бермек. Мамандар мәселені елемеудің салдары ауыр болуы мүмкін екенін ескертеді. Ал көмекке жүгіну қауіпсіздікке алғашқы қадам және және адам құқығын қорғаудың маңызды қадам.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ