ДИКТОР: Ресми статистикаға сәйкес, еліміз бойынша басқа қаладан келіп оқитын студенттердің 39 проценті жатақханаға мұқтаж. Еліміздің өңірлерінде орын тапшылығы өзекті мәселе. Көкшетау қаласында бұл мәселенің шешімі нақты көрініс тапты. Мұнда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жанынан студенттерге арналған жаңа жатақхана бой көтерді. Жоба Нұрбанктің қолдауымен жүзеге асырылды.

РКС: 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан колледжде қазір 2 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Бес қабатты жаңа жатақхананың аумағы 7 мың шаршы метрден асады. 436 орынға шақталған жатақханада қазір 200 студент тұрып жатыр. Бой көтерген жаңа ғимарат студенттердің санын көбейтумен қатар, өзге қалалардан келетін жастар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік бермек.

СНХ: ГҮЛЖАНАР ШАЙХИНА, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз жатақхана құрылысы сияқты маңызды жобаны жүзеге асыра алатын сенімді қаржы серіктесті көп іздедік. Өйткені, басты құндылық сапа, қауіпсіздік және студенттер үшін қолайлы орта қалыптастыру еді. Нұрбанк ұсынған қаржыландыру шарттары жобаны толықтай жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

РКС: Жоба "Нұрбанк" акционерлік қоғамы мен "Даму"кәсіпкерлікті дамыту қорының ынтымақтастығының арқасында жүзеге асырылды. Банк "Қарапайым заттар экономикасы" және "Өрлеу" мемлекеттік бағдарламалары аясында жеңілдетілген шартпен 1,7 миллиард теңге көлемінде колледжге несие беріп, жатақхана құрылысын қаржыландырды.

СНХ: НҰРЖАН ДӘУЛЕТОВ, "НҰРБАНК" АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Нұрбанк» жобаларды таңдаған кезде олардың әлеуметтік маңыздылығына ерекше назар аударады. Қазір банк денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жобаларды, соның ішінде медициналық мекемелерді, білім беру орталықтарын және мектепке дейінгі ұйымдарды белсенді түрде қаржыландыруда. «Нұрбанк» ұзақ уақыттан бері «Даму» қорының сенімді серіктесі. Ал банктің шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған «Өрлеу» бағдарламасына қатысуы кәсіпкерлерге әлеуметтік салалардағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

РКС: Жатақханада студенттер тыныш жерде отырып сабаққа дайындалатын және үй тапсырмасын орындай алатын арнайы оқу аймақтары бар. Мұндай жағдайда оқу үдерісі тиімді, әрі сапалы болмақ.

СНХ: НӘБИ ЕРНАЗАРОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл колледж бізге, жалпы жатақханада әрбір адамға, әр бөлмеге өте қатты жағдай жасаған. Яғни бұл колледждің заңдары өте қатты сол үшін де бұл әр адамға әр балаға жағдай жасалды. Бұл колледжге және біз мен алғыс білдіремін қазір өте қатты алғыс білдіремін бізге жаңадан жаңадан жатақхана.

РКС: "Нұрбанктің" Көкшетау қалалық филиалы 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір ол шағын және орта бизнес субъектілеріне де, жеке тұлғаларға да банк қызметтерінің кең ауқымын ұсынады.

ТИТР: «НҰРБАНК» АҚ ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІ БЕРГЕН 2020 ЖЫЛҒЫ 3 АҚПАНДАҒЫ № 1.2.15/193 ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ИЕ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ