ДИКТОР: Ұлттық Ұланның 5510 әскери бөлімі қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлеріне көмек көрсетеді. Бұл бөлім аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде маңызды роль атқарып отыр. Қазір осы әскери бөлімде 300-ге жуық сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жатыр.

РКС: Әли Әзімжан отбасында үшінші ұл. Отан алдындағы борышын өтеуге Жамбыл облысынан келген. Сарбаз әскерге дейін аспаз, кейін жиһаз жинаушы болып жұмыс істеген. Сондай-ақ шағын концерттерде өнер көрсетіп жүрген. Қазір қала көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысуда.

СНХ: ӘЛИ ӘЗІМЖАН, ЕФРЕЙТОР: Басында бейімделу қиындау болды. Қазір уақыт өте келе үйренгеннен кейін бәрі жеңіл. Өз қызметімізді, міндеттерімізді білеміз. Сержанттармен, офицерлермен үнемі қарым-қатынаста. Барлығы оңай. Әскерден кейін ең алдымен жақсы жұмысқа орналасып, алға қойған мақсатқа ұмтылу керек деген ойдамын. Оңтүстіктен келгеннен кейін күннің суытуына байланысты енді бейімделіп жатырмыз. Оған да уақыт өте келе үйренеміз.

РКС: Әскерлердің күні таңғы 6-да басталады. Күні бойы оларға әскери тактика бойынша теориялық сабақтар өткізіледі. Бос уақыттарында олар үстел ойындарын ойнап, теледидар көре алады. Сәрсенбіден сенбіге дейін сарбаздар кешкі уақытта патрульдік қызмет атқарады. Әли әскерде де түрлі іс-шараларға қатысып жүр. Жақында өткен жастар лигасында «Бригада» командасында өнер көрсетіп, 1-ші орынды иеленген. Әли гитараны меңгеріп, бос уақытында достарына ән айтып, көңіл көтергенді ұнатады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: НИЯЗ СӘДУАҚАСОВ, №5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ: 2-25 шақырылымының сарбаздары толығымен жиналуда. Олар өздерінің әскери борышын біздің әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда атқарып жүр. Солардың бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қала бойынша сияқты көптеген міндеттерді орындап жүр. Бүгін әскери бөлімінде әскери қызмет атқаруына барлық жағдай жасалған. Жаңа үй-жай салтанатты ашылуы өтті. Ол казармалы үй-жайда әскери қызметшілер өздерінің барлық заманауи техникамен жабдықталған казармада тұратын болады.

РКС: Әли өз міндеттерін жауапкершілікпен орындап, күнделікті қызметін жақсы меңгерген. Бос уақытын да тиімді өткізеді. Сонымен қатар, түрлі іс-шараларға қатысып, командалық рухты нығайтады. «Әскери қызмет ұнайды, ал музыка мен үшін ішкі жан дүниеммен сырласу», - дейді сарбаз.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ