ДИКТОР: Биыл қазақтың қайталанбас тұлғасы, ғалым-зерттеуші, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл. Шоқанның жазбалары – дала тарихының дауысы, ұлт руханиятының алтын арқауы. Оның әрбір зерттеуі – уақыт тозаңынан сақталып, бүгінге жеткен ой шамшырағы. Осы ұлық датаға орай еліміздің ең беделді шоқантанушыларының бірі, белгілі ғалым, профессор Раушан Иманжүсіп Көкшетауға арнайы келді.
РКС: Кездесу ұлы ғалымның рухын ұлықтап тұрған Шоқан Уәлиханов ескерткішінің жанында бастау алды. Тағылымды шараға тарихшылар, зиялы қауым және жалынды жастар жиналды. Қатысушылар жас буынға Шоқанның ғылым жолындағы өлшеусіз еңбегін, оның әлемдік деңгейдегі зерттеуші ретіндегі дара болмысын терең түсіндірді. Әрбір айтылған пікір білімге шақырған үн, ізденіске жетелеген ой, ұлт руханиятына деген құрметтің белгісі. Акция соңында жиналған жұрт ғалым рухына тағзым етіп, ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Енді бүгінгі акцияның бірінші мақсаты Шоқан Уәлихановтың мәдени тарихи мұраларын насихаттау және ғылыми жұмыстарын зерттеу ретінде осындай келешек ұрпаққа жасалған іс шара. Осы «Шоқан жолдары» атты бірлестіктің жетекшісі, Шоқантанушы біздің акциямызға келіп, қатысып жатыр. Енді мен ойлаймын, бұл біз үшін үлкен дәреже. Осы акцияны жастарға арнайы жасадық. Осы жастар ертең үлкен ғалым болады ма, профессор болады ма, Шоқан Уәлиханов сияқты тұлға болады ма деп осындай акция ұйымдастырып, Шоқанның ескерткішіне жастармен гүл шоқтарын қойдық.
РКС: Акциядан соң, ұлы тұлғаның рухын ұлықтаған әсерлі жүздесу Әдебиет және өнер музейінде жалғасын тапты. Раушан Иманжүсіп Көкшетауға алғаш рет 2006 жылы келіпті. Сол сапардан кейін бұл шаһар мен үшін рухы биік, киелі мекенге айналды дейді. Осы ықылас пен ұлы тұлғаға деген құрметтің нәтижесінде профессор кейінірек «Шоқан жолдары» атты ірі ғылыми-ағартушылық жобаны қолға алған. Ол осы жобаның тұңғыш төрайымы, жандандырушы күші болды. Биыл «Шоқан жолдары» бірлестігіне – 15 жыл.
СНХ: РАУШАН ИМАНЖҮСІП, ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: Біз енді 15 жыл жылда экспедицияға шығып, Шоқанның ізімен жүріп, Шоқанның мұрасын зерттеп, Шоқанның қай жерде болғанын, қандай экспедицияда болғанын, не айтқанын соның бәрін қай жерге барсақ та әр қалада бізде өзіміздің филиалымыз бар. Ақшасыз, грантсыз жүрген үлкен жоба.
РКС: Раушан Иманжүсіп Ақан, Біржандардан қалған соңғы серілердің тұяғы мәшһүр Иманжүсіп Құтпановтың немересі. Тек текті әулеттің ғана емес, қазақ өнерінің жалғастырушысы саналатын ол ата жолын абыроймен жалғап, талай өлеңдер жинағы мен мәдени-тарихи монографиялардың авторы атанды. Сондықтан бұл жүздесу рухы асқақ, мазмұны терең, ұлт руханиятына тың серпін берген ерекше шара болды,- дейді ұйымдастырушылар.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ