ДИКТОР: Ақмола облысында қыстық бидайды ору науқаны басталды. Жылына екі рет егін егуді әзірге тек көршілес қос ауданның шаруалары ғана қолға алған. Егістік алқабы 700 гектарды құрайды. Қыс жылы, ал көктем жауын-шашынды болғандықтан, бидай көп жерде бітік шыққан.

СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: «Жеріңді баптай білсең – астықты қаптай білесің» демекші, қыстық бидай еккен ақмолалық диқандар егін ору науқанын күзде емес, шіліңгір шілдеде бастап отыр. Солтүстік өңір үшін қыстық бидай егу таңсық емес. Шаруалардың айтуынша, қазір бидай толық пісіп жетілген. Диқандар гектарына шамамен 25 центнер өнім аламыз деген үмітте.

РКС: Зеренділік шаруа Ербол Жауаров осымен үшінші жыл қатарынан қыстық бидай егіп, сапалы өнімді тиімді бағамен сатуға мүмкіндік алып отырмын,- дейді. Шаруашылықтың иелігінде 8 мың гектар алқап бар. Биыл оның 359 гектарына ерте пісетін бидай еккен. Алдағы жылдары қыстық бидайдың егістік ауқымын екі есеге арттырып, бір мың гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.

СНХ: ЕРБОЛ ЖАУАРОВ, ШАРУА: Урожайность оларда 30 центнер, жақсы сапасы. Сапасы уақыт, и урожайность қой. Қысқы бидай ең жақсы урожайность береді. Негізі олар көктемде жақсы влага алады и жақсы өседі.

РКС: Қазір егіс алқабында жұмыс қызу жүріп жатыр. Астықты оруға әзірге 5 комбайншы кіріскен. Олардың бірі Жангелді Жұмалин. Шаруашылықта осымен 5-ші жыл еңбек етіп отырған ол егіс барысында барлық технологияны қатаң сақтауға тырысқандарын айтады. Сондықтан мол өнім алудан үмітті.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ЖҰМАЛИН,КОМБАЙНШЫ: Қысы-жазы жұмыс істейміз. Қыста қар тоқтатамыз. Жазды осы егін шаурашылығымен айналысамыз. Былтыр сентябрьде еккеміз бидайдың түрі «умка» озимый пшеница дейді. 24-інде алып жатырмыз. Бір-екі, үш күн осы жұманың аяғында бітіреміз.

РКС: Қыстық дақылдардың ауыл шаруашылығында маңызы зор. Олар көктемде егін егуде және күзгі орақ кезінде жұмыстың қауырттығын азайтады. Одан қалды қыстық дақылдар топырақтың ылғалын молырақ пайдаланады. Сондықтан көп өнім береді,-дейді шаруалар.

СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қыстық бидай егуді біздің шаруалар біртіндеп қолға алып жатыр. Биыл екі аудан шамамен 700 га жерге қыстық бидай екті. Клейковинасы 28%, натурасы 780. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймыз.

РКС: Облыс бойынша негізгі орақ науқаны тамыздың 25-інен кейін басталады. Биыл жаздық егіс көлемі 5 млн 200 гектарға жетті. Оның 495 мың гектарын майлы дақылдар құрайды.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҰЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ