ДИКТОР: Елімізде жылдан жылға екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің қатары азайып, майданды көзімен көрген куәгерлер сиреп барады. Былтыр ғана Ақмола облысында бесеу болса, биыл 4 ардагер ғана қалды. Солардың ішінде жастайынан соғысқа аттанып, жау қырғынын көзбен көрген, соғыс ардагері, Қосшы қаласының тұрғыны Нұрғасым Әжітаев 100 жасқа келіп отыр. Үбірлі-шүбірлі отбасының тыныс –тіршілігі туралы әріптесіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Нұрғасым Әжітаев 1925 жылы 1 қаңтарда Семей облысы, Абралы ауданының Сарықамыс деген жерінде дүниеге келген. 1943 жылдың 15-ші қаңтарында Жаңасемей аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскер қатарына тұрады. Сол жылы Новосібір қаласының мергендер (снайпер) мектебін бітіреді. Курск доғасындағы шайқастарда авиациялық қызметте атқыштар қатарында соғысқан. Берлин шайқасына қатысқан.1945 жылдың 9 шы тамызы және 3-ші қыркүйек аралығында 293 атқыштар дивизиясы құрамында Жапониямен соғысқан. Кейін рота старшинасы болды. Елге аман-есен оралған соң Семейдің Чарск қаласында 1952 жылы Нұрзиләт Құсайынқызымен отбасын құрған. Ұрпағының саналы болып өсуі жолында аянбай еңбек етті. 8 баласының қазір 7-еуі аман-есен. Немере келіннің қолынан да дәм татып отырған абыз ақсақал. Адал еңбек пен маңдай тердің, жұрттан алған батаның арқасында ұзақ жасап келе жатырмын,-дейді, ғасыр жасап отырған ақсақал.

СНХ: НҰРҒАСЫМ ӘЖІТАЕВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ: 1932 жылы жетім балалар үйінде тәрбиеленіп жүріп, Нүрзиләшімді сол жетім балар үйінде, ол жетім қыздар үйінде, мен жетім балалар үйінде екі жетім де солай далада жүргенде, қосылып семья құрдық. Семейдің Чарский қаласында. Содан ең бірінші тұла бойы тұңғышым отыр ғой әне Ермек қастарыңда. Екі қыз, алты ұлым бар. Балалар түгел ер жетіп, семья құрып кетті. Мен қазір тұла бойы тұңғышым Ермегімменен келінім Салтанаттың қасында өмір сүріп жатырмын. Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Ущелье тайганың ішінде летчик боп аспанда жүрдім. Бірінші дүниежүзілік соғыста танкист болып танкіде жүрдім. Неше түрлі азапты көрдік. Барлығынан өлмей әлі күнге аман-есен жүргеніме тәубе етем. Қазір қартайып қалдым, көбісін ұмытып қалам. Қазір өз атымды өзім айта алмай қалам. Алла не беріп не көрсетеді оны құдай біледі. Менің қолымда тұрған ештене жоқ.

РКС: 1938 жылы еңбек ұжымшары құрылып, 7 жылдық мектеп ашылып, содан білім алған. 1951 жылы Абыралы ауданы оқу бөлімінде "әскери инспектор" болып еңбек етті. 1952 жылы Чарск қаласында темір жолда жұмыс істеді. Кейін кеңшар директорының шақыруымен Қайнарда ағаш шебері болып 20 жыл еңбек етеді. 1985 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін Қайнар ауылында тұрып келді. Ғасыр жасаған атаның қазірде жүрісі тың, айтар сөзі де құнарлы. Ұлы да әкесінің ұлы сөзін, ұлағатты тәрбиесін жанына серік етіп, өзі де келіннің қызығын көріп отырған жан.

СНХ: ЕРМЕК ӘЖІТАЕВ, АРДАГЕРДІҢ ТҰҢҒЫШЫ: Негізі ол кісіден 8 ағайындымыз. Біреуі ертеректе қайтыс болды.Полигонның ауыруы деді, анау-мынау,сонымен қайтыс болып кетті. Ал қалғанымыз тірі. 5 ер бала, 2-уі қыз бала. Қыз балаларынң біреуі-Айман, осы Астанада, үлкен қыз баласы Айманнан үлкен Шолпан ол Алматы қаласында өмір сүріп жатыр.Қызметпен сол жақта жұмыс істеп сол жақта тұрып жатыр. Түгеліміз қазір зейнеткер, пенсия жасына келдік. Сонымен жан-жақта өмір сүріп жатырмыз. Енді әкеміздің берген тәрбиесі. Орта шаруадан шықтық, өтірік айтпау, адал еңбек істеу. Бұл кісілер өзі енді шамасы келгенше тәрбиеледі, оқу оқытты.Соның бәріне жақсы көмек жасады. Сонымен осылай ел қатарлы өмір сүріп жатқан жайымыз бар.

РКС: Айта кетейік,Нұрғасым Әжітаевтың, Жапонияны жеңгені үшін медалі, 2 дәрежелі Отан соғысы ордені, Кеңес Одағының Маршалы Жуковтың, "КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл", Отан соғысындағы Жеңіске 20, 40, 50, 55, 60, 65, 70, 75 жылдық мерекелік медалдары бар. Қазір 7 баласынан 10 немере, 13 шөберенің қызығын қызықтап отырған абзы.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ